16/07/2026
🔷 Кассациялық сот іс жүргізуді тоқтатты: айыптау тарапы қылмысты жасыру фактісін дәлелдей алмады
🔹 Сот үкіміне сәйкес, 2021 жылы К. Байқоңыр қаласында ұялы телефондағы хат алмасуды өшіру арқылы таныстарының заңсыз әрекеттерінің іздерін жасырған. Бірінші сатыдағы сот оны аса ауыр қылмысты күні бұрын уәделеспей жасырып қалғаны үшін кінәлі деп таныды (ҚК-нің 432-бабы). Рақымшылық жасау туралы актіні ескере отырып, оған 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
🔷 Қорғау тарапы К.-ның кінәсін растайтын жеткілікті дәлелдемелердің жоқ екенін көрсетіп, оны ақтауды және сот актілерінің күшін жоюды сұрады.
🔹 Кассациялық сот істі зерделеу барысында К.-ның кінәлілігі туралы қорытындылар жеткілікті әрі сенімді дәлелдемелермен расталмағанын анықтады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында нақты қандай хат алмасудың өшірілгені, оның кіммен жүргізілгені, мазмұны қандай болғаны және оны өшірудің қылмыс іздерін жасырумен қандай байланысы бар екені анықталмаған.
🔷 Осындай мән-жайларда айыптау тарапы К.-ның аса ауыр қылмысты күні бұрын уәделеспей жасырып қалу құрамын құрайтын белсенді әрекеттер жасағанын дәлелдей алмаған.
🔹 Істі кассациялық тәртіппен қарау нәтижесінде кассациялық сот төмен тұрған сатыдағы соттардың сот актілерінің күшін жойып, К.-ны оның әрекеттерінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 432-бабында көзделген қылмыс құрамының болмауына байланысты іс жүргізуді тоқтатты (№ 6003-25-00-1к/983(2).
***
🔷 Кассационный суд прекратил производство по делу: обвинение не доказало факт укрывательства
🔹 Согласно приговору, в 2021 году К. будучи в городе Байконыр удалил переписку в мобильном телефоне, чем скрыл следы незаконной деятельности своих знакомых. Судом первой инстанции он был признан виновным в заранее не обещанном укрывательстве особо тяжкого преступления (статья 432 УК). С учетом акта амнистии ему назначено наказание в виде 8 месяцев лишения свободы.
🔷 Защита просила отменить судебные акты и оправдать К., указывая на отсутствие доказательств его вины.
🔹 Кассационный суд установил, что выводы о виновности К. не подтверждены достаточными и достоверными доказательствами. В ходе досудебного расследования не было установлено, какая именно переписка была удалена, с кем она велась, каково было ее содержание и каким образом ее удаление свидетельствовало о сокрытии следов преступления.
🔷 При таких обстоятельствах обвинением не доказано совершение К. активных действий, образующих состав заранее не обещанного укрывательства особо тяжкого преступления.
🔹 По итогам рассмотрения дела кассационный суд отменил состоявшиеся судебные акты и прекратил производство по делу К. за отсутствием в его действиях состава преступления, предусмотренного статьей 432 УК (№ 6003-25-00-1к/983(2).
13/07/2026
🔷 Кассациялық сот бағалы металдардың заңсыз айналымы және заңсыз кәсіпкерлік туралы істі қайта қарады
🔹 2021–2023 жылдар аралығында Көкшетау қаласында Т. тазартылған алтынды заңсыз сатып алып, одан зергерлік бұйымдар жасап, оларды сатып отырған. Оның заңсыз қызметтен тапқан табысы 224 миллион теңгеден асты.
🔹 Т.-ның қол астында жұмыс істеген Б. оның тапсырмасы бойынша Шымкент қаласына жалпы салмағы шамамен 744 грамм болатын алтын құймалары салынған сәлемдемені жөнелтуді ұйымдастырған.
🔹 Бірінші сатыдағы сот Т.-ны бағалы металдардың заңсыз айналымы, аса ірі мөлшерде табыс табумен ұштасқан заңсыз кәсіпкерлік және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру қылмыстарын жасағаны үшін кінәлі деп танып, мүлкін тәркілеп, бағалы металдар айналымы саласында қызметпен айналысу құқығынан 5жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Б. бағалы металдарды аса ірі мөлшерде заңсыз тасымалдағаны үшін кінәлі деп танылып, осыған ұқсас қосымша жазамен 3 жылға бас бостандығынан айырылды.
🔹 Кассациялық шағымдарда қорғау тарапы сот актілерінің күшін жоюды сұрады. Т.-ның қорғаушысы оның кәсіпкерлік қызметті заңды негізде жүзеге асырғанын, ал алынған табыс делдалдық қызметтің нәтижесі екенін алға тартты. Б.-ның қорғаушысы оның жөнелтілген сәлемдеменің ішінде не болғанынан хабарсыз болғанын көрсетті.
🔹 Кассациялық сот сотталғандардың кінәсі іс бойынша жиналған әрі соттар зерттеген дәлелдемелердің жиынтығымен толық дәлелденген, ал сот актілерінің күшін жоюға немесе өзгертугенегіз болатын қылмыстық және қылмыстық-процестік заң бұзушылықтар анықталмаған деген қорытындыға келді. Тағайындалған жаза заңды әрі әділ деп танылып, сот актілері өзгеріссіз қалдырылды (№6003-25-00-1к/3063).
***
🔷 Кассационный суд пересмотрел дело о незаконном обороте драгоценных металлов и незаконном предпринимательстве
🔹 С 2021 по 2023 год в г. Кокшетау Т. незаконно приобретал аффинированное золото, изготавливал из него ювелирные изделия и реализовывал их покупателям. Доход от незаконной деятельности превысил 224 млн тенге.
🔹 Б., работавший у Т., по его поручению организовал отправку в г. Шымкент свертка с золотыми слитками общей массой почти 744 грамма.
🔹 Суд первой инстанции признал Т. виновным в незаконном обороте драгоценных металлов, незаконном предпринимательстве с извлечением дохода в особо крупном размере и легализации преступных доходов, назначив 4 года лишения свободы с конфискацией имущества и лишением права заниматься деятельностью в сфере оборота драгоценных металлов сроком на 5 лет. Б. осужден за незаконную перевозку драгоценных металлов в особо крупном размере к 3 годам лишения свободы с аналогичным дополнительным наказанием.
🔹 В кассационных жалобах защита просила отменить судебные акты. Адвокат Т. утверждал, что предпринимательская деятельность осуществлялась законно, а доход являлся результатом посреднической деятельности. Защитник Б. ссылался на отсутствие у него сведений о содержимом перевозимого свертка.
🔹 Кассационный суд пришел к выводу, что виновность осужденных подтверждается совокупностью исследованных доказательств, а нарушений уголовного и уголовно-процессуального закона, влекущих отмену либо изменение судебных актов, не установлено. Назначенное наказание признано законным и справедливым, в связи с чем судебные акты оставлены без изменения (№ 6003-25-00-1к/3063).
03/07/2026
🔷 Кассациялық сот полиция қызметкерінің заңсыз әрекеттеріне байланысты қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді тоқтатты
Сот үкіміне сәйкес, 2020 жылғы 11 сәуірде Тараз қаласының тұрғыны У. қылмыстық әрекетті үйлестіруді (имитациялауды) жүзеге асырған полиция қызметкері А.-ның өтініші бойынша әлеуметтік желілер арқылы өткізу мақсатынсыз психотроптық затты заңсыз сатып алып, дәл сол күні оның бір бөлігін аталған қызметкерге берген.
Апелляциялық сатыдағы соттың үкімімен У. ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылған.
🔹 Кассациялық наразылықта прокурор У.-ның заңсыз сотталғанына сілтеме жасай отырып, үкімнің күшін жоюды және қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді тоқтатуды сұрады.
Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық сот құқық қорғау органы қызметкерлері тарапынан қылмыс жасауға итермелеу, яғни арандату орын алғанын анықтады.
Бұған дейін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты арандату туралы уәждерді тексеру мақсатында осы істі жаңадан қарауға жіберген болатын. Алайда апелляциялық сатыдағы сот бұл нұсқауларды елемей, тек сотталушының кінәсін мойындау айғақтарымен ғана шектелген.
🔹 Кассациялық сот полиция қызметкерінің өзі таныстық орнатуға бастамашы болғаны, алдын ала уағдаластықсыз ақша бергені және У.-мен бірге тыйым салынған заттарды қолданғаны туралы қорытындыға келді.
Сонымен қатар, іс материалдарында құқық қорғау органы қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізгенге дейін У.-ның заттардың заңсыз айналымына қатысы бар екенін растайтын ешқандай алдын ала жедел ақпарат болмаған.
⚖️ ҚПК-нің 112-бабына сәйкес, арандату нәтижесінде алынған дәлелдемелер жол берілмейтін деп танылады және олардың заңдық күші болмайды. Жол берілетін дәлелдемелердің жиынтығымен расталмаған кінәні мойындау айыптауға негіз бола алмайды.
🔷 Баяндалғандардың негізінде кассациялық сот апелляциялық сатыдағы сот үкімінің күшін жойып, ҚПК-нің 35-бабы 1-бөлігінің 2) тармағы негізінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді тоқтатты.
📌 № 6003-26-00-1к/408
———
🔷 Кассационный суд прекратил уголовное дело в связи с незаконными действиями сотрудника полиции
Согласно приговору суда, 11 апреля 2020 года житель г. Тараза У. по просьбе сотрудника полиции А., осуществлявшего имитацию преступной деятельности, незаконно приобрёл через социальные сети психотропное вещество без цели сбыта и в тот же день передал часть вещества указанному сотруднику.
Приговором суда апелляционной инстанции У. был признан виновным по части 2 статьи 296 УК, при этом в связи с истечением срока давности освобождён от уголовной ответственности.
🔹 В кассационном протесте прокурор просил отменить приговор и прекратить производство по делу, ссылаясь на незаконное осуждение У.
Кассационный суд по уголовным делам установил, что со стороны сотрудников правоохранительного органа имело место склонение к совершению преступления, то есть провокация.
Ранее Верховный Суд Республики Казахстан уже направлял данное дело на новое рассмотрение с целью проверить доводы о провокации, однако суд апелляционной инстанции данные указания проигнорировал и ограничился лишь признательными показаниями подсудимого.
🔹 Кассационный суд пришёл к выводу, что сотрудник полиции сам инициировал знакомство, передавал деньги без предварительной договорённости и совместно с У. употреблял запрещённые вещества.
При этом в деле отсутствовала какая-либо предварительная оперативная информация, подтверждающая причастность У. к незаконному обороту веществ до проведения оперативных мероприятий сотрудниками правоохранительного органа.
⚖️ В соответствии со статьёй 112 УПК доказательства, полученные в результате провокации, признаются недопустимыми и не имеют юридической силы. Признание вины, не подтверждённое совокупностью допустимых доказательств, не может служить основанием для обвинения.
🔷 В связи с изложенным Кассационный суд отменил приговор суда апелляционной инстанции и прекратил уголовное дело на основании пункта 2 части 1 статьи 35 УПК за отсутствием в деянии состава уголовного правонарушения.
📌 № 6003-26-00-1к/408
02/07/2026
Кассациялық соттар бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтады
🔸Кәсіби мерекеге орай кассациялық соттар бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін құттықтап, олардың объективті әрі бейтарап қызметі, сондай-ақ ашық ақпараттық кеңістікті дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін шынайы ризашылықтарын білдірді.
🔸Құттықтауда журналистердің қоғамды шынайы әрі жедел ақпаратпен қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратыны, жариялылық қағидаттарын нығайтуға, азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыруға және мемлекеттік институттарға деген қоғамдық сенімді қалыптастыруға зор үлес қосатыны атап өтілді.
🔸Кассациялық соттар журналистер қауымына өз кәсібіне деген жауапкершілігі, жоғары кәсіби этика қағидаттарына адалдығы және сот жүйесімен сындарлы өзара іс-қимылы үшін алғыстарын жеткізді.
🔸Іс-шара соңында журналистерге зор денсаулық, отбасыларына амандық, шығармашылық шабыт, кәсіби қызметтеріне толағай табыс және қоғам игілігі жолындағы еңбектеріне жаңа жетістіктер тілінді.
***
Кассационные суды поздравили представителей средств массовой информации
🔸В честь профессионального праздника кассационные суды поздравили представителей средств массовой информации, выразив искреннюю признательность за их объективность и вклад в развитие открытого информационного пространства.
🔸В поздравлении отмечено, что журналисты играют важную роль в обеспечении общества достоверной и своевременной информацией, способствуют укреплению принципов гласности, повышению правовой культуры граждан и формированию общественного доверия к государственным институтам.
🔸Кассационные суды выразили благодарность журналистскому сообществу за ответственное отношение к профессии, приверженность высоким стандартам профессиональной этики и конструктивное взаимодействие с судебной системой.
🔸В завершение организаторы мероприятия пожелали журналистам крепкого здоровья, благополучия, новых профессиональных достижений, вдохновения и дальнейших успехов в работе на благо общества.
02/07/2026
🔷 Айыптау үкімі болжамдарға негізделе алмайды
🔹 2024 жылғы 6 қыркүйекте Тараз қаласының тұрғыны Н. өзінің ұялы телефонынан С.-ның «WhatsApp» мессенджеріндегі нөміріне дауыстық хабарлама жіберген.
🔹 Кейіннен К. сотқа жүгініп, Н.-ны қылмыстық жауаптылыққа тартуды сұраған, себебі аталған аудиохабарламада оның ар-намысы мен қадір-қасиетін әдепсіз түрде кемсітетін сөздер қамтылған.
🔹 Бірінші сатыдағы сот Н.-ны телекоммуникация желілерін пайдалана отырып жасалған қорлау үшін ҚК-нің 131-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған айыппұл түріндегі жаза тағайындаған, сондай-ақ моральдық зиян өтемақысын өндірген.
🔹 Апелляциялық сатыдағы сот үкімді өзгертіп, рақымшылық жасау туралы актінің негізінде Н.-ны қылмыстық жауаптылықтан босатқан.
🔹 Прокурор кассациялық наразылығында сот тергеуінің толық жүргізілмегеніне байланысты сот актілерінің күшін жоюды және қылмыстық істі апелляциялық сатыдағы сотқа басқа құрамда жаңадан қарауға жіберуді сұраған.
🔹 Кассациялық сот орыс тіліндегі «тварь» сөзі әдеби лексикаға жатады және ҚК-нің 131-бабында көзделгендей, өздігінен әдепсіз түрде айтылған сөз болып табылмайды деген қорытындыға келді.
🔹 Бұдан бөлек, аудиохабарлама жәбірленушіге емес, үшінші тұлға С.-ға жолданған, сондай-ақ іс материалдарында Н.-ның аталған хабарламаны жәбірленуші К.-ның назарына жеткізу ниеті болғанын дәлелдейтін айғақтар жоқ.
🔹 Осылайша, нақты тұлғаны әдепсіз нысанда қорлауға бағытталған тікелей ниет – қылмыстық құқық бұзушылық құрамының міндетті белгісі – анықталмаған.
🔹 Қарау қорытындысы бойынша, кассациялық сот іс бойынша бұрын қабылданған сот актілерінің күшін жойып, Н.-ны оның әрекетінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты ақтады (№ 6003-25-00-1к/3194).
——
🔷 Обвинительный приговор не может основываться на предположениях
🔹 6 сентября 2024 года жительница города Тараз Н. со своего мобильного номера отправила голосовое сообщение в мессенджере «WhatsApp» на номер, принадлежащий С.
🔹 Впоследствии К. обратилась в суд с требованием привлечь Н. к уголовной ответственности, так как в данном аудиосообщении содержались высказывания, выраженные в неприличной форме и унижающие её честь и достоинство.
🔹 Суд первой инстанции признал Н. виновной в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного частью 2 статьи 131 УК за оскорбление, совершенное с использованием сетей телекоммуникаций к штрафу, а также взыскал компенсацию морального вреда.
🔹 Суд апелляционной инстанции приговор суда изменил и освободил Н. от уголовной ответственности на основании акта об амнистии.
🔹 В кассационном протесте прокурор просил отменить судебные акты и направить уголовное дело на новое рассмотрение в суд апелляционной инстанции в ином составе в связи с неполнотой судебного следствия.
🔹 Кассационный суд пришел к выводу, что слово «тварь» относится к литературной лексике русского языка и само по себе не образует неприличной формы выражения, как это предусмотрено статьей 131 УК.
🔹 Кроме того, аудиосообщение было адресовано третьему лицу - С., а не потерпевшей, и материалы дела не содержат доказательств того, что Н. намеревалась довести указанное сообщение до сведения потерпевшей К.
🔹 Следовательно, прямой умысел на оскорбление конкретного лица, выраженное в неприличной форме - обязательный элемент состава уголовного правонарушения - не установлен.
🔹 По итогам рассмотрения, Кассационный суд ранее принятые по делу судебные акты отменил, а Н. оправдана за отсутствием в ее действиях состава уголовного правонарушения (№ 6003-25-00-1к/3194).
01/07/2026
🔷 Құрметті қазақстандықтар!
🔹 Бүгін, 2026 жылғы 1 шілдеде, Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы күшіне енді. Бұл – мемлекетіміздің дамуындағы маңызды кезең. Жаңартылған Негізгі заң адамды, оның құқықтары мен бостандықтарын ең жоғары құндылық ретінде бекітіп, құқықтық мемлекетті одан әрі дамыту, мемлекеттік институттардың жауапкершілігін арттыру және азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау тетіктерін жетілдіру бағыттарын айқындайды.
🔹 Конституциядағы негізгі жаңашылдықтардың бірі - сот арқылы қорғалу кепілдіктерін күшейту. Бұл адамның құқықтары мен босатдықтарын қорғау кепілдіктерін нығайтуда, сондай-ақ процестік ықпал ету шараларын қолдану кезінде сот төрелігі институттарын жетілдіруде көрініс тапты.
🔹 Конституциялық өзгерістер сот билігінің тәуелсіздігін нығайтуға және сот төрелігінің рөлін арттыруға бағытталған. Олар сот жүйесін одан әрі жетілдіру, істерді қарау сапасын арттыру және заңнаманы біркелкі қолдануды қамтамасыз ету үшін берік құқықтық негіз қалыптастырды.
🔹 Жаңа Конституцияның күшіне енуі дербес кассациялық соттардың жұмыс істей бастағанына бір жыл толуымен тұспа-тұс келді. Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық соттың құрылуы сот реформасының маңызды кезеңі болып, заңды күшіне енген сот актілерін қайта қараудың дербес деңгейін қалыптастырды. Сот өз қызметінің алғашқы жылында бұзылған құқықтарды қалпына келтіру, сот қателіктерін жою, сондай-ақ қылмыстық сот ісін жүргізуде заңдылық пен әділдік қағидаттарын нығайту бағытындағы жұмысын жалғастырды.
🔷 Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық сот
***
🔷 Уважаемые казахстанцы!
🔹 Сегодня, 1 июля 2026 года, вступила в силу Новая Конституция Республики Казахстан — важный этап в развитии нашего государства. Обновленный Основной Закон закрепляет приоритет человека, его прав и свобод как высшей ценности, определяя дальнейшие ориентиры развития правового государства, повышения ответственности государственных институтов и совершенствования механизмов защиты интересов граждан.
🔹 Одной из ключевых новелл Конституции стало усиление гарантий судебной защиты. Это выразилось в концептуальном усилении прав человека и модернизации институтов правосудия при применении мер процессуального воздействия.
🔹 Конституционные преобразования получили развитие в укреплении независимости судебной власти и повышении роли правосудия. Они формируют основу для дальнейшего совершенствования судебной системы, повышения качества рассмотрения дел и обеспечения единообразного применения законодательства.
🔹 Вступление в силу Новой Конституции совпало с первой годовщиной работы самостоятельных кассационных судов. Создание Кассационного суда по уголовным делам стало значимым этапом судебной реформы, обеспечив отдельный уровень проверки вступивших в законную силу судебных актов. За первый год деятельности суд продолжил работу по восстановлению нарушенных прав, устранению судебных ошибок и укреплению принципов законности и справедливости в уголовном судопроизводстве.
🔷 Кассационный суд по уголовным делам
30/06/2026
🔷 «Орда FM» радиостанциясының эфирінде есірткі құралдарының заңсыз айналымына байланысты қылмыстық істер бойынша сот практикасы талқыланды.
🔹 Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық соттың судьясы А.Е. Есымова істерді кассациялық тәртіппен қайта қарау тәртібіне қатысты түсіндірме берді.
🔹 Толық шығарылымды Telegram арнамыздан көріңіз.
https://t.me/qylmystyq_kassaciya_soty_kz
——
🔷 В эфире радиостанции «Орда FM» состоялось обсуждение судебной практики по делам, связанным с незаконным оборотом наркотических средств.
🔹 Судья Кассационного суда по уголовным делам Есымова А.Е. дала разъяснения о порядке пересмотра дел.
🔹 Смотрите полный выпуск в нашем Telegram-канале.
https://t.me/qylmystyq_kassaciya_soty_kz