Жайылма ауылы, Жамбыл облысы

Жайылма ауылы, Жамбыл облысы

Share

Жайылма ауылы - Жамбыл облысы, Сарысу ауданы аумағында орналасқан. Ауылдық әкімшілікке Маятас, Қызылдихан, Ақтам елдімекендері қарайды

Жайылма - ауыл. Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жайылма ауылдық округінің орталығы. Аудан орталығы Жаңатас қаласынан солтүстік-батысқа қарай 40 шақырым жерде. Ауыл телефон байланысымен жабдықталған.
Ауыл жанынан Тараз-Қызылорда автомобиль жолы өтеді. Ауыл іргесінен Шабақты, Бүркітті және Жылыбұлақ өзендері өтеді.
Ауылда "Әйтеке би" атындағы орта мектеп, дәрігерлік емхана, ауылдық клуб үйі, балалар ө

Photos from Жайылма ауылы, Жамбыл облысы's post 30/12/2025

Ауылдасымыз Тоғыманов Манарбек Іскендірұлын "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы" атағын иемденуімен құттықтаймыз!

Асанәлі ӘШІМҰЛЫ. МЕНІҢ ЖАНРЫМ – КҮНДЕЛІК | Әдебиет порталы 26/12/2025

Әкемді сағынамын. Отызға да толмай кетті. Суреті де қалмаған. Құр елес қана...

Каждый умирающий старик, сгоревшая библиотека (Әр дүниеден озған қария, өртенген кітапхана) .Кім айтса да дұрыс айтқан.

Асанәлі ӘШІМҰЛЫ. МЕНІҢ ЖАНРЫМ – КҮНДЕЛІК | Әдебиет порталы Күнделік – менің пікірім, ойым, көзқарас­ым, оны келешек ұрпақ өзі екшеп алады. Шындықты ғана жазамын. Шындықты кейде айта алмайсың, сондықтан оны жаз

24/12/2025

Өкінішті, Халық ағарту ісінің озық қызметкері, еңбек ардагері, аяулы ұстаз, ауылдасымыз Есмаханов Амангелді (Амантай) Әбенұлы ағай да, 85 жасқа қараған шағында, дүниеден озды деген хабар жетті. Кеше ғана алты алашқа аты аңыз болған Асанәлі Әшімұлының қайғысын жамылған ауыл халқына, амалсыздан тағы да қайғыра көңіл айтамыз және дұғадамыз

21/12/2025

Ол түнеп, бір түнде есейіп шыққан ескі мектеп жоқ...
Ол енді Жайылмаға қайта келмейді...
Ауылдың баласы, елдің ағасы, өнер әлемінің аңызы атанған - Асанәлі ағамыз да жоқ...
Ағайын-туыс, ауылдастарға қайғыра көңіл айтамыз

21/12/2025

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚ ӘРТІСІ - АСАНӘЛІ ӘШІМОВ ӨМІРДЕН ӨТТІ

Белгілі кино және театр әртісі, Қазақ сахнасының абызы, жерлесіміз - Асанәлі Әшімов дүниеден озды.

Асанәлі Әшімұлы – қазақ киносын заңғар көкке көтерген бірегей тұлға. Сахна және кино тарланы 1937 жылдың 8 мамырында Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жайылма ауылында дүниеге келген.

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры сахнасында: М. Әуезовтің «Абайында» Керім, «Еңлік-Кебегінде» Кебек, «Қара қыпшақ Қобыландысында» Айшуақ, «Таңғы жаңғырығында» Жарасбай, Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш - Баян сұлуында» Қодар, Қ. Мұхамеджанов, Ш. Айтматовтың «Көктөбедегі кездесуінде» Иосиф Татаевич, Шекспирдің «Юлий Цезарінде» Юлий Цезарь, М. Фриштің «Дон Жуанның думанында» Дон Жуан, Ә.Нұрпейісовтің «Қан мен терінде» Еламан, И.Вовнянконың «Апатында» бас кейіпкер, тағы да басқа көптеген қойылымда көрнекті актердің айшықты өнегесі мен өрнекті ізі жатыр.

Ол көрермен жадында Бекежан, Шадияров, Мәмбет, Қасымханов, Ка мырза сынды жарқын рөлдерімен сақталды.

Марқұмның отбасы мен жақындарына қайғыға ортақтасып көңіл айтамыз.

Photos from Жайылма ауылы, Жамбыл облысы's post 22/11/2025

Республикалық адвокаттар алқасының жаңа төрағасы сайланды.

15 үміткердің ішінен алқа делегаттары Мәди Мырзағараевты таңдады. Ол 2021 жылдан бері төраға болған Айдын Бикебаевтың орнына отырды.

Мәди Мырзағараев 22 жылдан астам тәжірибесі бар адвокат, Республикалық алқа президиумының бұрынғы мүшесі, бірнеше салалық комиссияны басқарған. Мемлекеттік және кәсіби марапаттарға ие болған.

Айта кетейік, елімізде 6500-ден астам адвокат тіркелген, олар 20 аймақтық алқаларға біріктірілген. Ең ірілері — Алматы, Астана және Алматы облысында.

Ақпарат - Atameken Business

06/11/2025

Қадірлі ағайын!

2025 жылғы 6 қараша күні сағат 12:00 Абай атындағы Қазақ Ұлттық опера және балет театрында танымал журналист, публицист-жазушы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Қали Сарсенбайдың аты аңызға айналған әнші Амангелді Сембин туралы “Қарғаш“ атты кітабының тұсаукесері (презентация книги) өтеді.
“Жақсы кітап — жақсы қоғам тәрізді”,- дегендей жақсы Кітап тұсаукесеріне қатысыңыздар. Есік ашық.

Театрдің мекен-жайы: Алматы, Қабанбай батыр көшесі, 110 үй

Want your business to be the top-listed Government Service in Zhailma?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Website

Address


Республика Казахстан, Жамбылский область, Сарысуский район, с. Жайылма
Zhailma
080706