Панфилов ауданының әкімдігі

Панфилов ауданының әкімдігі

Share

Панфилов ауданы әкімдігінің ресми парақшасы

Photos from Панфилов ауданының әкімдігі's post 10/04/2026
07/04/2026

*Инвесторларға тиімді мүмкіндік!*

Балқаш көлі жағалауында, Лепсі ауылы маңында туризм мен демалыс нысандарын дамытуға арналған жер учаскелері ұсынылады.

12, 24 және 36 сотық жерлер ашық аукцион арқылы, ал 2 гектарлық учаскелер ірі жобалар үшін қарастырылған. Дайын инфрақұрылым, қолайлы орналасу (Талдықорған - 180 км, Алматы - 460 км) және өсіп келе жатқан туристік ағын - маусымына 50 000 адамға дейін.

Әлеуеті жоғары, болашағы зор инвестициялық бағыт.

📞 Толық ақпарат: Сарқан аудандық әкімдігі
8 (72839) 22-99-2

Photos from Панфилов ауданының әкімдігі's post 17/03/2026

Панфилов ауданы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Ведомствоаралық комиссиясының 2026 жылғы І тоқсанына арналған жұмыс жоспарына сәйкес кезекті отырысы өткізілді.
Қаралған мәселелер:
«Полиция органдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша қабылданған шаралар туралы»
«Панфилов аудандық полиция бөлімінің сыбайлас жемқорлықтың алтын алу бойынша атқарылған жұмыстары туралы»
/ Асхат Амиррулаұлы Кусембаев- Панфилов ауданының полиция бөлімінің бастығының, Қуандық Тұрғанбекұлы Жанпеисов- Панфилов ауданының полиция бөлімі бастығының орынбасары/.
«Денсаулық сақтау саласында атқарылған жұмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданған шаралар туралы
«Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ ШЖҚ «Панфилов ауданаралық көпсалалы ауруханасы»ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша атқарылған жұмыстары туралы»
/ Айдын Молдашұлы Еликбаев -«Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ ШЖҚ «Панфилов ауданаралық көпсалалы ауруханасы» ның басшысы, Ержан Нұрдаулетұлы Қожахметов-«Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ ШЖҚ «Панфилов ауданаралық көпсалалы ауруханасы» басшысының орынбасары /.
Аудандық Экономика және қаржы бөлімінің көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша атқарылған шаралар туралы, Аудандық Экономика және қаржы бөлімінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша атқарылған жұмыстары туралы
/Сауле Қасымқанқызы Рамазанова- Аудандық Экономика және қаржы бөлімінің басшысы, Гүлназира Салимбайқызы Бакирбаева- Экономика және қаржы бөлімі басшысының орынбасары/
Комиссия отырысына комиссия мүшелері, Жаркент қаласы және ауылдық округ әкімдері қатысты. Отырыс қорытындысы бойынша бірқатар хаттамалық шешімдерді орындау тапсырылды, онда тиісті мемлекеттік мекемелерге нақты міндеттер белгіленді.

Photos from Панфилов ауданының әкімдігі's post 12/12/2025

Панфилов ауданы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Ведомствоаралық комиссиясының 2025 жылғы ІV тоқсанына арналған жұмыс жоспарына сәйкес кезекті отырысы өткізілді.
Қаралған мәселелер:
I. Жер саласы бойынша ауылшаруашылығы жерлерінің конкурстық өткізілуі және қала, ауыл округтерінде жеке үй салу, жеке қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін жеке және заңды тұлғаларға жерлердің берілу кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданған шаралар туралы
ІІ.Сәулет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша атқарылған жұмыстар мен қабылданып жатқан шаралар туралы
IІI Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның 2025 жылғы қызметінің қорытындылары және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2026 жылға арналған жұмыс жоспарының жобасы туралы мәселелер.

Комиссия отырысына комиссия мүшелері, Жаркент қаласы және ауылдық округ әкімдері қатысты. Отырыс қорытындысы бойынша бірқатар хаттамалық шешімдерді орындау тапсырылды, онда тиісті мемлекеттік мекемелерге нақты міндеттер белгіленді.

16/10/2025

Департаментпен 435 қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді:

Жетісу облысы бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына бақылауды жүзеге асыру бойынша жүйелі жұмыстарын жалғастыруда.

2025 жылдың басынан бастап жүргізілген тексерістер нәтижесінде 435 азаматтың бұзылған құқықтары қалпына келтірілді. Анықталған заңбұзушылықтар негізінен бұзылған тәртіп, артық құжат талап ету, көрсетілетін қызмет мерзімдері мен тәртібінің сақталмауына қатысты болды. Әрбір дерек бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданды.

Мысал ретінде, жер учаскесін беру мәселесі бойынша бір қызмет алушыға жер комиссиясының шешімі негізінде бас тартылған жағдайды келтіруге болады. Құжаттарда көрсетілген жер телімі басқа тұлғаға берілгені көрсетілген. Алайда, Департамент тарапынан жер мәселелері бойынша сарапшыны тарта отырып жүргізілген жоспардан тыс тексеріс барысында, шешім қабылданған сәтте учаскенің бос болғаны және заңды түрде өтініш иесіне берілуі мүмкін екені анықталды.

Нәтижесінде, Департаменттің араласуымен өтініш қайта қаралып, жер учаскесі қызмет алушыға берілді. Жауапты лауазымды тұлғалар тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Аталған жағдай қабылданған шаралардың тиімділігі мен заңдылық пен әділеттілік қағидаттарына деген адалдықты айқын көрсетеді. Қызмет алушылардың құқықтарын қорғау, ашықтықты, есептілікті және мемлекеттік қызметтердің жоғары сапасын қамтамасыз ету — Департамент жұмысының басым бағыттары болып табылады.

Photos from Панфилов ауданының әкімдігі's post 17/09/2025

Аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында 2025 жылдың 17 қыркүйек күні сағат 15-00-да Панфилов ауданы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Ведомствоаралық комиссиясының 2025 жылғы ІІІ тоқсанына арналған жұмыс жоспарына сәйкес кезекті отырысы өткізілді.
Қаралған мәселелер:
I. Проблемалық құрылыс объектілері /ұзық құрылыс бойынша/ саласында атқарылған жұмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданған шаралар туралы
/Аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы М.Т.Дулатов/.
ІІ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру бойынша атқарылған жұмыстар мен қабылданған шаралар туралы /Үкіметтік емес ұйымдар/
/Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ж.А.Қонысбаев/.
IІI Спорт саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша атқарылған жұмыстар мен қабылданып жатқан шаралар туралы /Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы Т.Е.Кушербаева/
Комиссия отырысына комиссия мүшелері, Жаркент қаласы және ауылдық округ әкімдері қатысты. Отырыс қорытындысы бойынша бірқатар хаттамалық шешімдерді орындау тапсырылды, онда тиісті мемлекеттік мекемелерге нақты міндеттер белгіленді.

09/09/2025
21/08/2025

Құрметті Панфилов ауданының тұрғындары!
2025 жылдың 23 тамыз күні сағат 09:00-де Жаркент қаласының орталық алаңында “Мектепке жол” атты қайырымдылық жәрмеңкесі өтеді.
Бұл – жаңа оқу жылы қарсаңында аз қамтылған отбасылардың балаларына қолдау көрсетудің тамаша мүмкіндігі. Қайырымдылық жасау – жүректен шыққан игі іс, ал әрбір кішкентай көмек үлкен үміт сыйлайды.
Баршаңызды осы ізгі шараға белсене қатысып, балаларға қуаныш пен қолдау сыйлауға шақырамыз!

Ұйымдастырушылар:
Панфилов ауданының әкімдігі және білім бөлімі

Photos from Панфилов ауданының әкімдігі's post 21/08/2025

Панфилов ауданы әкімдігінде мемлекеттік органдар өкілдері мен қоғамдық ұйымдардың қатысуымен Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі (ӘРПК) талаптарының сақталуына арналған дөңгелек үстел өткізілді.

Жиын барысында қатысушылар жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібін реттейтін ӘРПК-нің негізгі ережелерін, сондай-ақ мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету мәселелерін талқылады. Мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру, құқықтық мәдениетті нығайту және азаматтардың заңды мүдделерін қорғау жайына ерекше назар аударылды.

Спикерлердің айтуынша, ӘРПК нормаларын қатаң сақтау – қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға, лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін арттыруға және халықтың өтініштерімен жұмыс істеуді жетілдіруге ықпал етеді.

Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, сондай-ақ азаматтар арасында түсіндіру жұмыстарын күшейтуге бағытталған ұсыныстар қабылданды.
#заңментәртіп

Photos from Панфилов ауданының әкімдігі's post 20/08/2025

В аппарате акима Панфиловского района прошел круглый стол по разъяснению требований АППК РК.

20 августа т.г. под руководством начальника отдела анализа и контроля за обращениями ДКПС и СУ ГП РК по области Жетісу Молдахановым Т.М., а также сотрудниками отдела Байтасов С.Д., Даулетияр М.К. посвященный работе информационной системе «e-Otinish» и разъяснению требований Административного процедурно-процессуального кодекса РК.
В ходе встречи приняли участие сотрудники центрального аппарата акима Панфиловского района и сотрудники сельских округов.
Основной целью встречи стало информирование граждан и организаций о порядке реализации прав жителей региона и обязанностей в сфере повышения правовой грамотности населения.
В ходе круглого стола были подробно разъяснены:
Основные положения АППК РК;
Порядок подачи и рассмотрения обращений физических и юридических лиц;
Принципы открытости и равенства сторон в административных процедурах.
Участвующим продемонстрированы основные навыки редактирования и работы в информационной системе «e-Otinish».
Также было отмечено значимость проводимой работы по правовому просвещению населени и выразили уверенность, что применение норм АППК РК позволит повысит эффективность взаимодействия между гражданами и государственными органами.

Photos from Панфилов ауданының әкімдігі's post 20/08/2025

⚡️2023 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда жер учаскелеріне берілетін мемлекеттік актілер және пәтерлер мен үйлердің техникалық паспорттары кадастрлық паспортқа ауыстырылды.

🔗Бүгін кадастрлық паспортта пәтерге қатысты қандай мәліметтер көрсетіледі және ескі техникалық паспортты міндетті түрде ауыстыру қажет пе деген сұрақтарға толығырақ тоқталдық.
_______

⚡️С 1 июля 2023 года в Казахстане госакты на земельные участки и техпаспорта на квартиры и дома были заменены на кадастровые паспорта.

🔗Сегодня подробнее расскажем, какие сведения содержит кадастровый паспорт на квартиру и обязательна ли замена старых технических паспортов.

Want your business to be the top-listed Government Service in Zharkent?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Telephone

Address


Zharkent

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:30
Tuesday 09:00 - 18:30
Wednesday 09:00 - 18:30
Thursday 09:00 - 18:30
Friday 09:00 - 18:30