Ұлытау облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаменті

Ұлытау облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаменті

Share

Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from Ұлытау облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаменті, Public & Government Service, Zhezkazgan.

17/07/2026

🎓 ЖАС МАМАН – МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ҚАТАРЫНДА

🔹«Нархоз Университеті» КЕАҚ-ның «Құқықтану» білім беру бағдарламасын GPA көрсеткіші 3,45 деңгейінде аяқтаған түлек Калиева
Аяулым Оразалықызы «Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік-құқық жұмыстары жөніндегі бөлімінің бас маманы лауазымына тағайындалды.

🔹Жас маманның мемлекеттік қызметке орналасуы – білім мен еңбектің нәтижесі әрі кәсіби дамуға жасалған маңызды қадам. Бұл мемлекеттік қызметтің білікті әрі білімді жастар үшін ашық екенін және олардың әлеуетін іске асыруға мүмкіндік беретінін көрсетеді.

🔹Калиева Аяулым Оразалықызына жаңа қызметінде табыс, кәсіби жетістіктер мен жауапты қызметінде сәттілік тілейміз!

17/07/2026

💫 Құрметті жас маман! 🇰🇿

🔹ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаменті Сізге мемлекеттік қызметтегі кейбір лауазымдарға конкурстан тыс тағайындалу мүмкіндігіңіздің бар екенін хабарлайды!

✅ Егер Сіз жоғары білім алып, оқуды жақсы нәтижемен (GPA кем дегенде 3.33) аяқтаған болсаңыз, онда диплом алғаннан соң бір жыл ішінде конкурсқа қатыспай келесі мемлекеттік әкімшілік лауазымдарды иелене аласыз:

1️⃣ ауданның немесе облыстық маңызы бар қаланың (Жезқазған қаласынан басқа) әкімі және мәслихаты аппараттарының төменгі лауазымына;

2️⃣ ауданның және облыстық маңызы бар қаланың (Жезқазған қаласынан басқа) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органының басшы емес лауазымына;

3️⃣ аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының басшы емес лауазымына;

4️⃣ орталық мемлекеттік орган мен оның ведомствосының аудандағы немесе облыстық маңызы бар қаладағы (Жезқазған қаласынан басқа) аумақтық бөлімшесінің басшы емес лауазымына.

17/07/2026

💫ЖАС МАМАН МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ КОНКУРССЫЗ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

🔹Мемлекет басшысының жастарды мемлекеттік қызметке тарту және дарынды түлектерді қолдау жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында мемлекеттік грант негізінде жоғары оқу орнын үздік тәмамдаған түлектерді конкурстық іріктеусіз мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға тағайындау тетігі жүзеге асырылуда.

🔹Осыған сәйкес, Иран Нұржан «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ-ның «Жер ресурстарын басқару» білім беру бағдарламасы бойынша оқуын GPA 3,77 көрсеткішімен 2026 жылы тәмамдап, Ұлытау ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі мемлекеттік мекемесіне бас маман лауазымына конкурстық іріктеусіз тағайындалды. 🔹Жас маманға жауапты қызметінде табыс, кәсіби жетістіктер және ел игілігі жолындағы еңбегіне сәттілік тілейміз!

17/07/2026

💫 Сәтбаев қаласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері талқыланды

🔹Департамент өкілдері Сәтбаев қаласының Баубек Бұлқышев атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қоғамда адалдық құндылықтарын ілгерілету мақсатында ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізді.

🔹Кездесу барысында қатысушыларға «Адал азамат» қағидатының мәні түсіндіріліп, заңға құрмет, адалдық, әділдік және жауапкершілік қағидаттарын күнделікті қызметте басшылыққа алудың маңыздылығы айтылды.

🔹Сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген өзгерістерге тоқталып, мүдделер қақтығысын болдырмау және реттеу тетіктері, тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, превентивтік шараларды күшейту, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдамағаны үшін тәртіптік жауапкершіліктің күшейтілгені жөнінде түсіндірілді.

🔹Кездесу барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу әрбір қызметкердің жеке жауапкершілігі екені атап өтіліп, қатысушылардың сұрақтарына қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жан-жақты жауаптар берілді.

17/07/2026

💫 Мәдениет саласы қызметкерлерімен құқықтық түсіндіру кездесуі өтті

🔹Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қызметкерлерімен өткен кездесуде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері және адалдық қағидаттарын нығайтуға бағытталған түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

🔹Департамент өкілдері «Адал азамат» қағидатының қоғамдағы рөліне тоқталып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген өзгерістерді түсіндірді. Кездесу барысында мүдделер қақтығысының алдын алу, тұрмыстық сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, превентивтік жұмысты күшейту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдамағаны үшін тәртіптік жауапкершіліктің күшейтілгені жөнінде жан-жақты ақпарат берілді.

🔹Іс-шара соңында құқықтық сауаттылықты арттырудың және заң талаптарын қатаң сақтаудың маңыздылығы атап өтілді.

17/07/2026

💫Кеншілер сарайының қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптары түсіндірілді

🔹Департамент өкілдері Ш. Ділдебаев атындағы Кеншілер сарайының ұжымымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізді.

🔹Іс-шара барысында «Адал азамат» қағидаты аясында қоғамда адалдық мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығы сөз болып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы соңғы өзгерістер кеңінен түсіндірілді. Қатысушыларға мүдделер қақтығысын реттеу тетіктері, тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, профилактикалық шараларды күшейту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптарды сақтамағаны үшін көзделген тәртіптік жауапкершілік туралы ақпарат берілді.

🔹Кездесу барысында қатысушылардың сұрақтарына заңнама талаптарына сәйкес түсіндірмелер ұсынылды.

17/07/2026

💫Сәтбаев қаласының Балалар және жасөспірімдер кітапханасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері талқыланды

🔹Департамент өкілдері Сәтбаев қаласының Балалар және жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және адалдық құндылықтарын дәріптеу мақсатында ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізді.

🔹Кездесу барысында қатысушыларға «Адал азамат» қағидатының негізгі бағыттары түсіндіріліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген өзгерістер таныстырылды. Атап айтқанда, мүдделер қақтығысын болдырмау және реттеу тетіктері, тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, превентивтік шараларды күшейту, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдамағаны үшін тәртіптік жауапкершіліктің күшейтілгені жөнінде айтылды.

🔹Кездесу соңында қатысушылардың сауалдарына жауап беріліп, заң талаптарын сақтау мен адалдық қағидаттарын ұстанудың маңыздылығы атап өтілді.

17/07/2026

💫Сәтбаев қаласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері талқыланды

🔹Департамент өкілдері Сәтбаев қаласының Баубек Бұлқышев атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қоғамда адалдық құндылықтарын ілгерілету мақсатында ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізді.

🔹Кездесу барысында қатысушыларға «Адал азамат» қағидатының мәні түсіндіріліп, заңға құрмет, адалдық, әділдік және жауапкершілік қағидаттарын күнделікті қызметте басшылыққа алудың маңыздылығы айтылды.

🔹Сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген өзгерістерге тоқталып, мүдделер қақтығысын болдырмау және реттеу тетіктері, тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, превентивтік шараларды күшейту, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдамағаны үшін тәртіптік жауапкершіліктің күшейтілгені жөнінде түсіндірілді.

🔹Кездесу барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу әрбір қызметкердің жеке жауапкершілігі екені атап өтіліп, қатысушылардың сұрақтарына қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жан-жақты жауаптар берілді.

16/07/2026

💫 ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМАЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР ТҮСІНДІРІЛДІ

🔹Ұлытау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде мемлекеттік қызметшілерге арналған ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. Іс-шара барысында 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілген Қазақстан Республикасының Конституциясы мен 2026 жылғы 19 мамырдағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы» Заңының негізгі жаңашылдықтары түсіндірілді.

🔹Кездесу барысында мемлекеттік қызметке қабылдаудың жаңа тәртібі, конкурстық рәсімдердің толық цифрландырылуы, еңбекке ақы төлеудің жаңа тәсілдері, мемлекеттік қызметшілерге берілетін әлеуметтік кепілдіктер, сондай-ақ көлденең мансаптық өсу тетіктері бойынша жан-жақты ақпарат берілді.

🔹Сонымен қатар қатысушыларға мемлекеттік қызметке кіру рәсімдерінің жеңілдетілгені, конкурстардың EQyzmet порталы арқылы өткізілетіні және талантты жастарды мемлекеттік қызметке тартуға бағытталған жаңа мүмкіндіктер таныстырылды.

🔹Кездесу соңында қатысушылар заңнамалық өзгерістерге қатысты өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға толыққанды жауаптар мен тиісті түсіндірмелер алды.

Want your business to be the top-listed Government Service in Zhezkazgan?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Address


Zhezkazgan
100602

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:30
Tuesday 09:00 - 18:30
Wednesday 09:00 - 18:30
Thursday 09:00 - 18:30
Friday 09:00 - 18:30