Ұлытау облысы ресурстық тілдерді дамыту орталығы КММ

Ұлытау облысы ресурстық тілдерді дамыту орталығы КММ

Share

Ұлытау облысы "Ресурстық тілдерді дамыту орталығы"КММ

Ұлытау облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының "Ресурстық тілдерді дамыту орталығы" КММ

Photos from Ұлытау облысы ресурстық тілдерді дамыту орталығы КММ's post 31/10/2024
28/10/2024

🍁📢⚜️ Бүгін ақын, ағартушы Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туған күні.
🍁⚜️ Сұлтанмахмұт Торайғыров 1893 жылы қазіргі, Көкшетау облысы, Қызылту ауданында дүниеге келген.
Оның шәкірттік кезеңдегі өлеңдері жас ақынның қоғамдық құбылыстар мәнін түсінуге деген ұмтылысы мен өлең тілімен сурет салуға бағытталған талабын танытады. Ол қоғамдағы әділетсіздік пен әйелдердің ауыр тағдыры, діни оқудың схоластикалық сипаты жайлы жазды.
🍁⚜️ Торайғыров 1912 жылдан бастау алатын шығармашылығының жаңа кезеңінде Абай, Ыбырай негізін қалаған ағартушылыққа бет бұрды, жастарды оқу-білімге шақырды. “Туған айдай болып туып, күнді алуға бел буады”, тұрмысты жеңуде жігерленіп, ақиқатты табу жолында талмай ізденуді мұрат тұтады. Ескіге қарсы көзқарас оны қоғамдағы әділетсіздікпен қақтығысқа алып келеді (“Осы да әділдік пе?”, “Бір адамға”, т.б.). Ол өмір шындығын көркем бейнелей келе, қазақ өлеңінің мазмұнын кеңейтті, сырға толы лирикалық жырлар туындатты. Көптеген әңгіме, очерктер, әдеби-сын мақалалар жазды, екі роман (“Қамар сұлу”, “Кім жазықты?”), төрт поэмасын “Таныстыру”, “Адасқан өмір”, “Кедей”, “Айтыс” жариялады. Торайғыров “Қамар сұлуда” әйел теңсіздігі мәселесін көтере отырып, дәуір шындығын әлеуметтік тұрғыда талдаса, “Кім жазықты?” романында ауыл өмірінің шындығын жан-жақты суреттей келе, қазақ халқының шаруашылық тұрғыдан дамымағанын, талапсыздық пен шаруаға қырсыздықты, жалқаулықты, алауыздықты сынайды.

25/10/2024

📢🍁🇰🇿25 қазан Республика күні құтты болсын!🇰🇿
🇰🇿 Еліміздің игілігі мен өркендеуі үшін аянбай қызмет етіп, Тәуелсіздігіміздің тұғырлы, егемендігіміздің ғұмырлы болуы үшін күш-жігерлеріңізді салып, Отанымыздың жарқын болашағы жолында еңбек етіп жатқан баршаңызды Республика күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
🇰🇿 Елімізге тыныштық, халқымызға береке-бірлік, еңбектеріңізге табыс, игілікті ғұмыр тілейміз! Әр шаңыраққа бақ дарып, ырыс ұяласын!

15/10/2024

🍁📢⚜️ Бүгін Қазақстан халық жазушысы, ақын, Парасат орденінің иегері Әбу Сәрсенбаевтың туған күні. Ұлы Отан соғысының ардагері болған Әбу Сәрсенбаев Октябрь Революциясы ордені, 1-дәрежелі Отан соғысы ордені, "Еңбек Қызыл Ту" ордені, "Халықтар достығы" ордені, «Қызыл Жұлдыз» ордені, "Құрмет белгісі" ордені, КСРО-ның бірнеше медальдарымен марапатталған. Сонымен қатар Тәуелсіз Қазақстанның “Парасат” орденімен және 1996 жылы "Қазақстанның халық жазушысы" құрметті атағымен марапатталған.
🍁⚜️Әбу Сәрсенбаев «Ақша бұлт», «Сенің бақытыңды қорғағандар» , «Офицер күнделігі», «Жауынгер монологі», «Батырлардың ізімен» прозалық кітаптары, «Ақмаралдың жүрегі», «Намыс ұлы» «Шие ағашы», «Ұлым туралы ой», «Миллиардтың ізімен», «Жас коммунист туралы жыр», «Жазылмаған дастан», «Отыз үшінші көктем» атты поэмаларының авторы. 5 томдық шығармалар жинағы, «Ұстаздар мен тұстастар» дастандар топтамасы, «Қасиетті махаббат» кітаптары жарық көрді. «Арбасу» (Қ. Жұмалиевпен бірігіп), «Теңіз махаббаты» пьесаларының, сондай-ақ мектеп оқулықтарының авторы. А. Пушкин, М. Лермонтов, Ш. Петефи т. б. көптеген жырларын қазақ тіліне аударды.

15/10/2024

🍁📢⚜️ Сайын Мұратбеков 15 қазанда Алматы облысының Қапал ауданындағы Қоңыр ауылында туған. Жазушының алғашқы шығармалары 50-жылдардың аяғында жариялана бастаған. Содан бергі уақытта әңгімелері мен повестерінің «Менің қарындасым», «Ауыл оты», «Көкорай», «Отау үй», «Жабайы алма», «Дос іздеп жүрмін» жинақтары, таңдамалы шығармаларының бір томдығы, 1986 және 1991 жж. екі томдығы, 2004 жылы «Ескек жел» атты әңгімелер жинағы жарық көрген. 1989 жылы «Қалың қар», 1995 жылы «Өліара» повестері кітап боп шықты.
🍁⚜️ Алматы баспаларынан орыс тілінде «Дом молодых», «Камен тугай», «Дикая яблоня», тағы басқа да кітаптары, Мәскеу баспаларынан әр жылдары жарық көрген «Дикая яблоня», «На вершине Учкары», «Запах полыни», «У теплого родника», кітаптары, Ташкентте өзбек тілінде «Евшан иісі», Қазанда татар тілінде «Әрем иісі», украин, белорус, грузин, армян, әзербайжан, литва, туыстас халықтар тілдерінде әңгіме, повестері, араб тілінде «Жусан иісі» повестері мен әңгімелері жеке кітап болып шықты. Аударма саласында Ә.Әлімжановтың белгілі роман-повестерін, сондай-ақ Г.Толмачевтің Д.Қонаев, Н.Назарбаев туралы деректі повестерін, Алекс ла Гуманың «Тас ғалам» романын қазақшалаған.
🍁⚜️ «Тел өскен ұл» (реж. Ш.Бейсенбаев, 1976) кинофильм сценарийінің авторы. 2003 жылы «Жабайы алма» повесі үшін Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының лауреаты атанды. «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған. 1990 жылы «Қалың қар» повесі үшін Қазақстан Жазушылар одағының М.Әуезов атындағы әдеби сыйлығы, 1998 жылы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері атағы берілген. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2006). 2007 жылы 13 наурызда өмірден өткен.

15/10/2024

🍁📢⚜️Қазақ балалар жазушысы Бердібек Ыдырысұлы Соқпақбаев 1924 жылы 15 қазанда Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Қостөбе ауылында дүниеге келді. Жазушы 8 жасында анасынан айырылды, бұл оның өмір бойы айнымас азабы болып қалды. Баланың бойына білімге деген сүйіспеншілікті кейін соғыста қаза тапқан ағасы Сатылған сіңірткен. Бала аштық пен ауыр жұмысты және басқа да қиыншылықтарды басынан өткерген. Дегенмен, өте ізденімпаз, қабілетті бала болып өсті және өмір бойы өзінің оптимизмі мен көңілділігін сақтап қала алды.
🍁⚜️Бердібек Соқпақбаев жазушылық жолын «Бұлақ» (Көктем) жыр жинағынан бастады. 1950 жылы жарық көріп, бірден өз оқырмандарын тапты. Жазушының келесі кітабы – «Он алты жасар чемпион» повесі. "Менің атым Қожа” повесі кітабы балалардың сүйіп оқитын шығармасына айналып, орыс, украин, француз, литва, латыш, өзбек тілдеріне аударылды. 1963 жылы "Қазақфильм" студиясы сол кітап бойынша жазылған киносценарийді экранға шығарды.
🍁⚜️"Менің атым Қожа" фильмі француздың Канн қаласындағы жастар мен балаларға арналған кинофильмдердің халықаралық фестивалінде (1967) арнайы сыйлыққа ие болды. Қырқыншы жылдардағы жастар өмірінен жазған "Өлгендер қайтып келмейді" романы (1940-1974) орыс тіліне аударылып басылды. Бүгінде туған ауылы Қостөбе мен Алматыда көшелер, Нарынқолдағы орта мектеп жазушының есімімен аталады.

15/10/2024

🍁📢⚜️ Сәкен Сейфуллиннің қызылдардың жыршысы болып жүріп-ақ Қазақ үкіметін басқарған тұста «қырғыз» атауын «қазақ» деп түзеуді именбей көтеріп, «Қазақты қазақ дейік» деп мақала жазып, атымызды қайтарып бергенінің өзін «ұлының ұлы ісі» деп білеміз.
🍁📢⚜️ Сонымен қатар Халық Комиссарлары Кеңесінің Төрағасы ретінде Қазақ тілі туралы декрет қабылдауға ұйытқы болды. Сол аласапыранда: «Қазақ тілі мемлекеттік тіл болсын, іс-қағаз қазақ тілінде жүрсін, ол қазақ ауылдары мен болыстарында 1924 жылдың 1 қаңтарынан шілдеге дейін жүзеге ассын. Ал 1 шілдеден әрі қарай қазақ пен орыс аралас отырған жердің барлығында да іс-қағазы қазақ тілінде жүргізілсін» деп шешім шығарған еді. Міне, осының өзінен-ақ оның өз заманының ұлы болуымен қатар, үрей туғызып тұрған орталық биліктен жасқанбай ұлты үшін басын бәйгеге тіккенін көруге болады.

01/10/2024

🍁1 қазан – Халықаралық қарттар күні.🍁
Қазақта «Қарты бар үйдің қазынасы бар» деген сөз бар. Әр елдің, әр үйдің қазынасына айналып, ақыл-кеңестің, үлгі-өнегенің сарқылмас кенішіндей болған қарттарымыз аман болсын! Дендеріңізге саулық, отбастарыңызға амандық, құт-береке тілейміз.

27/09/2024

📢✅⚜️ Мұхтар Әуезов 1897 жылы Семей өңірінде, қазіргі Абай облысының Абай ауылындағы Бөрілі деген жерде дүниеге келген.
✅⚜️ Мұхтар Әуезовтің әлемге әйгілі “Абай жолы” роман–эпопеясының, “Өскен өркен” аяқталмаған романы, “Қараш-қараш оқиғасы,” “Қилы заман” повесттері мен “Барымта”, “Бүркітші”, “Ескілік көлеңкесінде”, “Жетім”, “Жуандық”, “Қаралы сұлу”, “Қорғансыздың күні”, “Қыр әңгімелері”, “Қысқы түн”, “Көксерек”, “Татьянаның қырдағы әні”, тағы да басқа көптеген әңгімелері бар. Сонымен қоса 30-дан аса драмалық шығармалардың авторы. Онда комедия да, трагедия да драма да бар. Мұхтар Әуезов – шет елдік жазушылардың көптеген шығармаларын аударған аудармашы.
✅⚜️ Әуезовтің мұраcының аса қомақты бөлігі — ғылыми зерттеулері. Ол қазақ ауыз әдебиетін жинақтап, жүйелеп, қазақ әдебиеті тарихы, Абайдың өмірі мен шығармашылығы, әдебиеттану мен фольклордың теориялық-проблемалық мәселелері жөнінде іргелі еңбектер жазды. Қоғам және мемлекет қайраткері ретінде Әуезов жиырмадан астам шет елдерде болып, адамзат қоғамының дамуы, рухани ынтымақтастық үшін өз көзқарасын білдірді. Әлем халықтары оның «Абай жолы» роман-эпопеясын айрықша құбылыс ретінде таныды.

18/09/2024

📢⚜️«Қазақшаң қалай, балақай» облыстық байқауының
ЕРЕЖЕСІ ⚜️
✅⚜️ Мақсаты: Мемлекеттік тіл саясатын насихаттау, оның қолдану аясын кеңейту, өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілге деген құрметін арттыруға ықпал ету, балалардың қазақ тілінде ойлау қабілетін дамыту, тіл байлығын жетілдіру, сөздік қорын молайту, қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру.
Байқаудың өткізілу шарттары:
1. Байқаудың ұйымдастырушысы: Ұлытау облысы мәдениет,
тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Ресурстық тілдерді дамыту орталығы» КММ.
2. Байқау облыстық деңгейде сайыс түрінде балабақшалар арасында өткізіледі. Сайыс 4 кезеңнен тұрады.
I. Кезең: Таныстыру «Кәне, таныс болайық!»
II. Кезең: Өнер сайысы «Өнерпаз болсаң...»
III. Кезең: Суреттегі сөздердің қазақша атауын табу «Атауын тап!» сайысы
IV. Кезең: Үй тапсырмасы «Ертегілер әлемінде»
3. Байқауға Ұлытау облысының балабақша тәрбиеленушілері қатысады.
4. Қазылар алқасының құрамы ұйымдастырушы тараптың келісімімен тағайындалады. Олардың қабылдаған шешімі түпкілікті және ол талқыланбайды.
✅⚜️ Сайыс қатысушыларына қойылатын талаптар:
I. Кезең: Таныстыру «Кәне, таныс болайық!»
Әр топ өздерін таныстырады. Таныстыру еркін форматта өтеді. Регламент 5-7 минут. Әр топтың атауы, ұраны, өзіндік киім үлгісі болуы керек. (Балалардың қазақ тілін жетік меңгеру деңгейі көрінуі шарт).
II. Кезең: Өнер сайысы «Өнерпаз болсаң...»
Бұл кезеңде әр топ өз өнерлерін ортаға салады. Регламент 5 минуттан аспауы керек.
III. Кезең: «Ойлан тап!» сайысы
Аниматорлар балаларға ойын арқылы сұрақтар ұсынады, балалар дұрыс жауабын табу керек.
IV. Кезең: Үй тапсырмасы «Ертегілер әлемінде»
Әр топ ертегі қойылымын сахналайды. Регламент 5-7 минуттан аспауы керек.
Байқау тек мемлекеттік тілде өтеді!!!
Жүлде қоры
Бас жүлде – 150.000 теңге
1 орын – 100.000 теңге
2 орын – 70.000 теңге
3 орын – 50.000 теңге
3 орын – 50.000 теңге
Ынталандыру сыйлығы – 20 000 тг.

Қазылар алқасының шешімімен байқаудың жеңімпаздары мен қатысушылары дипломдар және алғысхаттармен және (жұмсақ ойыншықтар) заттай сыйлықтармен, сондай-ақ әр топтың жетекшілері алғысхаттармен марапатталады.

Құжаттарды қабылдау тәртібі:
Қатысушылар өтінім парағын толтырып, [email protected] эл.поштасына жіберу қажет (қатысушылар туралы мәліметтер кестесі қосымша 2-де).

Қосымша мәліметтер:
1. Іс сапар шығыны қатысушылардың өз есебінен қарастырылады.
2. Өтінімдер 2024 жылдың қыркүйек айының 30-на дейін төменде көрсетілген эл.поштаға жіберілуі керек.
Байланыс телефондары: 87052677820, Дүйсенкүл Сұлтанбекқызы
E-mail: [email protected]
Қосымша 2
Қатысушылар туралы мәліметтер
Өтінім
Балабақша атауы және қатысушы топ (команда) атауы
Мекен жайы (қала,аудан)
Қатысушы баланың аты-жөні, тегі
Жетекшісінің аты-жөні, тегі
Байланыс нөмірі

Want your business to be the top-listed Government Service in Zhezkazgan?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Website

Address


Алашахан даңғылы 3
Zhezkazgan
100000