Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков өңірдің білім беру саласына еңбегі сіңген педагогтерге мемлекеттік наградалар табыс етті. Атап айтқанда, ұзақ жылдарын ұрпақ тәрбиесіне арнаған ұстаздар мен ардагерлерге «Құрмет» ордені мен «Ерен еңбегі үшін» медальдары тапсырылды.
«Ұстаз – ұлттың болашағын қалыптастыратын ең қадірлі мамандық иесі. Сіздердің білім мен тәрбие жолындағы адал еңбектеріңіз, жас ұрпақтың саналы азамат болып қалыптасуына қосқан үлестеріңіз қашанда жоғары бағаланады. Бүгінгі марапат – ел болашағы үшін атқарған қажырлы қызметтеріңіздің лайықты жемісі», – деп атап өтті облыс әкімі өз сөзінде.
Марапат иелері көрсетілген құрмет үшін ризашылықтарын білдіріп, білім саласының дамуына аянбай еңбек ете беретіндерін атап өтті.
__
Аким области Ұлытау Дастан Рыспеков вручил государственные награды педагогам, внесшим значительный вклад в развитие сферы образования региона. В частности, учителям и ветеранам, посвятившим многие годы воспитанию подрастающего поколения, были вручены орден «Құрмет» и медали «Ерен еңбегі үшін».
«Учитель — одна из самых уважаемых профессий, формирующих будущее нации. Ваш добросовестный труд в сфере образования и воспитания, вклад в стан
Ұлытау облысының әкімдігі
Ұлытау облысы әкімдігінің ресми парақшасы арқылы өңірдің басты жаңалықтарынан хабардар болыңыз
Ұлытау облысы республикада алғаш болып «Smart Point» цифрлық кеңістігін ашты
Ұлытау облысы әкімдігі мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының бірлескен экожүйесі негізінде құрылған «Smart Point» цифрлық кеңсесінің ашылуына облыс әкімі Дастан Рыспеков пен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев қатысты.
«Smart Point» – дәстүрлі әкімшілік кеңістік емес, әлемдік үздік тәжірибелерге, соның ішінде Apple Store форматындағы ашық архитектура қағидаттарына негізделген заманауи сервистік хаб. Орталықтың басты мақсаты – тұрғындарға ыңғайлы, қолжетімді және ашық орта қалыптастырып, цифрлық технологияларды күнделікті өмірге кеңінен енгізу.
«Бүгінде халыққа мемлекеттік қызметтерді барынша ыңғайлы әрі қолжетімді ету – басты міндеттердің бірі. Енді тұрғындар түрлі қызметті бір жерден, кезексіз әрі заманауи форматта ала алады. Бұл — уақытты үнемдеуге, артық әуре-сарсаңды азайтуға мүмкіндік береді. Ең бастысы, азаматтарға бұрынғыдай әр мекемені аралап, банк бөлімшелеріне барып төлем жасап жүрудің қажеті болмайды. Барлық сервис бір кеңістікте қолжетімді болады. Ұлытау облысының республика бойынша мұндай форматтағы жобаны алғаш болып іске қосуы – біз үшін үлкен жетістік әрі өңірдің цифрлық трансформацияға дайын екенінің нақты көрінісі», – деді облыс әкімі Дастан Рыспеков.
Жоба халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруға, өзіне-өзі қызмет көрсету мәдениетін дамытуға және мемлекеттік қызметтерді ұсынудың жаңа сапалы деңгейін қалыптастыруға бағытталған. Сонымен қатар, «Smart Point» азаматтар мен мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды жеңілдетіп, өңірдің цифрлық трансформациясын жеделдетуге ықпал етеді.
Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков Жезқазған қаласындағы шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялау жұмыстарының барысын бақылап, нысандағы құрылыс қарқынымен танысты.
Қазіргі таңда нысанда жер қазу жұмыстары қарқынды жүргізіліп, ғимаратқа су жеткізу құбырларын тарту жалғасуда.
Сонымен қатар, көлемі 80 мың текше метр болатын су тазарту блогында жылу, су жүйелері, желдету және электр желілерін жүргізу жұмыстары атқарылып жатыр.
Жобаны жүзеге асыруға қажетті қаражат толық қарастырылған және тиісті жұмыс күші тартылған.
Айта кету керек, жобаны алғаш қолға алған компания тиісті талаптарды уақытылы орындамағандықтан шарт бұзылып, жаңа мердігер мекемемен құрылыс жұмыстары қайта жанданды. Жоба шартына сәйкес іске қосу және ретке келтіру жұмыстары толық аяқталған соң облыс орталығындағы шаруашылық-ауыз суы сапасы оң нәтиже береді деп күтілуде.
Өңір басшысы қалалық әкімдікке құрылыс жұмыстарының бекітілген кестеге сай әрі сапалы жүргізілуін, сондай-ақ жұмыскерлердің талапқа сәйкес жұмысқа уақытылы шығуын қатаң бақылауда ұстау міндетін жүктеді.
Құрметті, Ұлытау облысының тұрғындары мен қонақтары!
⚜️Ұлытау төрінде «КӨКМАЙСА – ДАЛАНЫҢ ТІРІ ТАРИХЫ» республикалық этномәдени фестивалі өтеді!
📍 Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданы, Ералиев ауылы
📅 27 маусым 2026 жыл
🕙 Сағат 10:00
Бағдарламада:
▪️ Этноауылдар мен ұлттық салт-дәстүрлер
▪️ Қымызмұрындық рәсімі
▪️ Ұлттық спорт ойындары
▪️ Қолөнер көрмелері
▪️ 500 бие сауылатын тарихи көрініс
▪️ Танымал өнер жұлдыздарының концерті
«Көкмайса» — қазақ даласының рухын сезінетін, дәстүр мен мәдениет тоғысқан ерекше фестиваль!
Келіңіздер! Ұлт рухын бірге ұлықтайық!
__
В сердце Ұлытау пройдет республиканский этнокультурный фестиваль «КӨКМАЙСА – ЖИВАЯ ИСТОРИЯ СТЕПИ»!
📍 Область Ұлытау, Жанааркинский район, село Ералиев
📅 27 июня 2026 года
🕙 Начало в 10:00
В программе:
▪️ Этноаулы и национальные традиции
▪️ Обряд кымызмурындык
▪️ Национальные спортивные игры
▪️ Выставки ремесленников
▪️ Историческое зрелище с одновременным доением 500 кобылиц
▪️ Большой концерт с участием известных артистов
«Көкмайса» — это уникальный фестиваль, где оживает дух Великой степи, традиции и культура казахского народа!
Приглашаем всех стать частью живой истории степи!
Халықаралық балаларды қорғау күні Ұлытау облысында «Шабыт» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы ашылды. Нысан Болат Өтемұратов Қорының қолдауымен салынды. Тарихи іс-шараға ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Шынар Ақпарова, Болат Өтемұратов қоры Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Алмаз Шарман, «Верный капитал» компаниялар тобының бас директоры Айдан Ақанов қатысты.
Орталық Жезқазғанның Батыс ауданында бой көтерген. Аталған бағыттағы нысан Жезқазғанда соңғы 70 жылдан астам уақыт ішінде алғаш рет салынып отыр.
Инвестициялық жоба құны - 4 миллиард теңге. Салтанатты рәсімде сөз сөйлеген Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков қор басшылығы мен құрылысшыларға алғыс білдірді.
«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, өңірдің дамуы мен ұрпақ тәрбиесіне қызмет ету мақсатында өңірімізде ашылған жаңа «Шабыт» шығармашылық орталығы – бұл жай ғана заманауи ғимарат емес, балалардың білім алып, өз қабілеттерін дамытып, технология, шығармашылық және спортпен лайықты жағдайда айналысуына мүмкіндік беретін кеңістік. Дәл осындай жобалар өскелең ұрпақтың өз болашағына деген сенімін қалыптастыратын орта құрады», – деді Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков.
Жалпы аумағы 2 600 шаршы метрден асатын кешенде арт-студия, күйдіру бөлмесі бар қыш шеберханасы, ерте дамыту орталығы, жекпе-жек және хореография залдары, жаратылыстану және робототехника кабинеттері орналасқан STEM-аймақ, цифрлық өнер мен графикалық дизайн студиясы, фотостудия, шахмат кабинеті және кең акт залы қарастырылған. Мұнда барлығы 14 оқу кабинеті, қызметкерлерге арналған жеке аймақтар, медициналық кабинет пен коворкинг кеңістіктері бар. Ғимарат бір уақытта 250 балаға дейін, ал бір күнде 600 балаға дейін қабылдай алады.
Аумағы 1,6 гектарды құрайтын кешенде спорт және ойын алаңдары мен абаттандырылған қоғамдық кеңістік қарастырылған. Ғимаратты жобалау барысында инклюзивті орта қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінді. Мұнда ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың кедергісіз келуіне барлық жағдай жасалған. Сондай-ақ сенсорлық бөлме олардың дамуы мен бейімделуіне ықпал ететін маңызды орталықтардың біріне айналмақ.
Ұлытау облысында бүгін «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Мөлдір бұлақ» жалпыоблыстық сенбілігі ұйымдастырылды.
Табиғатты қорғау мен қоршаған ортаның тазалығын сақтау мақсатындағы шара барысында өзен-көлдер мен су айдындарының жағалаулары қоқыстан тазартылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Ауқымды экологиялық акцияға өңір бойынша 360 ұжымнан 4500-ге жуық адам қатысып, 74 арнайы техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 520 тонна қоқыс шығарылып, 131 гектар аумақ тазартылды.
«Таза Қазақстан» бастамасы аясындағы мұндай игі шаралар табиғатты аялау мәдениетін қалыптастырып, өңірдің экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған.
__
Сегодня в области Ұлытау в рамках экологической акции «Таза Қазақстан» был организован общеобластной субботник «Мөлдір бұлақ».
В ходе мероприятия, направленного на охрану природы и сохранение чистоты окружающей среды, были очищены от мусора берега рек, озёр и других водоёмов, а также проведены работы по благоустройству территорий.
В масштабной экологической акции по всему региону приняли участие около 4500 человек из 360 коллективов, было задействовано 74 единицы специальной техники. В результате вывезено 520 тонн мусора и очищено 131 гектар территории.
Ұлытау облысында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды
Бүгін Кеңгір ауылында қайтарылған активтер қаражаты есебінен салынған жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт ел игілігіне берілді. Медициналық нысанның ашылу салтанатына Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков пен облыс прокуроры Жасұлан Еламанов қатысты.
Жаңа денсаулық сақтау нысаны тәулігіне 20-дан астам тұрғынға қызмет көрсетуге қауқарлы. Сонымен қатар мұнда күндізгі стационар жұмыс істеп, 10-ға жуық ем түрі көрсетіледі. Кеңгірліктер үшін заманауи талаптарға сай медициналық көмек алуға барлық жағдай жасалған.
Салтанатты шара барысында өңір басшысы облыста қайтарылған активтер есебінен әлеуметтік маңызы бар нысандардың кезең-кезеңімен салынып, халық игілігіне беріліп жатқанын атап өтті. Сондай-ақ жүйелі жұмыстардың жүзеге асуына қолдау көрсеткен ҚР Бас прокуратурасы мен облыс прокуратурасына ризашылығын білдірді.
«Облыс құрылған уақыттан бері 26 жаңа нысан ашылды. Екі медициналық мекемеге күрделі жөндеу жұмыстары толық аяқталды. Қазіргі таңда тағы бес нысанда жөндеу жұмыстары жалғасуда. Сонымен қатар облыстық аурухана жанынан 100 орындық жаңа корпус салу арқылы бөлімшені кеңейту жоспарланып отыр», – деді өңір басшыс
Ұлытау облысында республикалық «Өрт-2026» оқу-жаттығу жиыны өтті
Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков Жаңаарқа ауданында өткен республикалық «Өрт-2026» оқу-жаттығу жиынының барысын бақылады. Екі күнге созылған ауқымды іс-шара төтенше жағдайлардың алдын алу және жедел әрекет ету жүйесінің дайындығын пысықтауға бағытталды.
Оқу-жаттығудың алғашқы күнінде жедел штабтардың өзара іс-қимылы мен ақпарат алмасу тиімділігі тексерілсе, екінші күні «Қарағаш» орман шаруашылығы аумағында практикалық далалық жаттығулар ұйымдастырылды. Іс-шара барысында орман және дала өрттерін сөндіру, тұрғындарды эвакуациялау, сондай-ақ төтенше жағдай салдарын жою бойынша арнайы қызметтердің іс-әрекеті пысықталды.
Сонымен қатар облыс әкіміне тікұшаққа арналған жаңа су төгу құрылғысы мен оның техникалық мүмкіндіктері таныстырылды.
Оқу-жаттығуға күштік құрылымдардан 22 бірлік техника, бір МИ-8 тікұшағы және төтенше жағдайлардың алдын алу мен жоюға жұмылдырылған 60-қа жуық маман қатысты.
Іс-шараға қатысқан өңір басшысы мұндай ауқымды оқу-жаттығулардың өңір қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызына ерекше тоқталды.
«Мұндай іс-шаралар төтенше жағдай кезінде барлық қызметтің үйлесімді әрі жедел әрекет е
Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков Үшшоқы кен орнын игерумен айналысатын алтын өндіруші кәсіпорынның жұмысымен танысты.
Аталған нысанда «Basgold» ЖШС жер қойнауынан кен өндіру жұмыстарын жүргізуде. Бүгінде мұнда 350-ге жуық адам еңбек етеді. Кәсіпорын өткен жылы жылына 72 мың тонна кен өңдеуге қауқарлы жаңа флотациялық байыту технологиялық желісін іске қосты. Соның нәтижесінде биылғы өндіріс көлемі құрамында 2 880 келі алтын мен 6 650 келі күміс бар 224 мың тонна кенге дейін жетті.
Сонымен қатар кәсіпорын алдағы уақытта жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалана отырып, жылына 350 мың тонна өнім өңдейтін бұрғылау-сұрыптау кешенін іске қосуды жоспарлап отыр. Бұдан бөлек, флотациялық фабрика салу жобасы да қарастырылуда. Бұл өз кезегінде 80 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.
Сапар барысында өңір басшысы алтын өндіру үдерісін бақылап, кен өндіру саласындағы жұмыстарға жасанды интеллект арқылы қолдау көрсететін робот-иттің қызметімен танысты.
Сондай-ақ облыс әкімі аталған аумақта салынған жаңа әкімшілік-тұрмыстық кешенді аралады. Кешенде қызметкерлерге арналған жатын орындар, асхана және өзге де қажетті тұрмыстық нысандар қарастырылған.
Кездесу соңында облыс әкімі кәсіпорын ұж
Click here to claim your Sponsored Listing.
Location
Category
Address
Алаш алаңы
Zhezkazgan
100600
