Ұлытау облысының мәслихаты

Ұлытау облысының мәслихаты

Share

Ұлытау облыстық мәслихаты

Photos from Ұлытау облысының мәслихаты's post 10/06/2026

Бүгін Ұлытау облыстық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.

Отырыс барысында облыстық мәслихаттың кезекті # # сессиясының күн тәртібіне енгізілген маңызды мәселелер қаралды.

Атап айтқанда, 2025 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы, Ұлытау облысының 2021–2025 жылдарға арналған даму жоспарының іске асырылу қорытындылары, облыс әкімдігі құрамына қатысты мәселелер, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия құрамына өзгерістер енгізу және «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарына түзетулер енгізу мәселелері талқыланды.

Күн тәртібіндегі барлық мәселелер жан-жақты қаралып, депутаттардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды. Нәтижесінде аталған мәселелер облыстық мәслихаттың кезекті # # сессиясының қарауына енгізілетін болды.

05/06/2026

🏆 ЖЕЗҚАЗҒАНДА IV ОБЛЫСТЫҚ СПАРТАКИАДА ӨТТІ

Жезқазған қаласында Ұлытау облысы қалалары мен аудандары мәслихаттарының депутаттары, мәслихат аппараттарының қызметкерлері және қоғамдық кеңес мүшелері арасында IV облыстық спартакиада өтті.

Дәстүрлі спорттық додаға облыстың қала және аудан мәслихаттарынан құралған 6 команда қатысып, спорттың бірнеше түрінен сынға түсті.

Жарыс барысында қатысушылар жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, өзара ұйымшылдық пен достық қарым-қатынастың үлгісін танытты.

Жалпыкомандалық есеп қорытындысы бойынша:
🥇 І орын – Жаңаарқа ауданының командасы;
🥈 ІІ орын – Ұлытау облысының командасы;
🥉 ІІІ орын – Жезқазған қаласының командасы.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталып, спартакиада өз мәресіне жетті.

Photos from Ұлытау облысының мәслихаты's post 05/06/2026

🏆 ЖЕЗҚАЗҒАНДА IV ОБЛЫСТЫҚ СПАРТАКИАДА ӨТУДЕ

Жезқазған қаласында Ұлытау облысы, қалалар мен аудандар мәслихаттарының депутаттары, аппарат қызметкерлері және қоғамдық кеңес мүшелері арасында IV облыстық спартакиада басталды.

Дәстүрлі спорттық додаға облыстың қала және аудан мәслихаттарынан құралған 6 команда қатысуда. Қатысушылар бірнеше спорт түрінен бақ сынап, өзара мықтыларды анықтайды.

Командаларға Ұлытау облысы мәслихатының төрағасы Бауыржан Шыңғысов сәттілік тіледі.

Спартакиаданың басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, әріптестік байланысты нығайту, командалық рухты қалыптастыру және бұқаралық спортты дамыту.

Жарыс барысында қатысушылар өздерінің спорттық шеберлігі мен төзімділігін көрсетіп қана қоймай, ұйымшылдық пен достық қарым-қатынастың жарқын үлгісін танытуда.

Спартакиадаға қатысушыларға сәттілік тілеп, тартысты әрі әділ бәсеке болуына тілектестік білдіреміз!

Photos from Ұлытау облысының мәслихаты's post 02/06/2026

ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНДА «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЯСИ МЕНЕДЖМЕНТ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ МОДУЛЬДІК ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ БАСТАЛДЫ

Ұлытау облысында «AMANAT» партиясының Саяси менеджмент академиясы ұйымдастырған модульдік оқыту бағдарламасы өз жұмысын бастады. Үш күнге жоспарланған оқу семинары Жезқазған қаласындағы Абай атындағы мамандандырылған мектепте өтуде.

Оқу-семинарына Ұлытау облысының барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары, ауыл әкімдері, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары мен мүшелері, сондай-ақ партия филиалдарының қызметкерлері қатысуда.

Семинардың ашылу салтанатында «AMANAT» партиясы Ұлытау облыстық филиалының төрағасы Бауыржан Шыңғысов сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Ол қазіргі кезеңде саяси менеджмент, тиімді коммуникация және көшбасшылық дағдыларын жетілдірудің маңыздылығына тоқталып, мұндай оқыту бағдарламаларының партиялық кадрлардың кәсіби әлеуетін арттырудағы рөлін атап өтті.

Оқыту бағдарламасының спикерлер қатарында «AMANAT» партиясының Саяси менеджмент академиясының лекторы, партияның Орталық аппараты Саяси жұмыстар департаменті директорының орынбасары Гүлнар Нұрахметханова, Назарбаев Зияткерлік мектебі Педагогикалық шеберлік орталығының тренері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген білім беру қызметкері Ділдахан Ибрагимов, Экономикалық зерттеулер институты Өңірлерді зерттеу орталығының директоры Нұрболат Құрмет, Саяси менеджмент академиясының тренері Нұрлан Дулатов, Ұлытау облыстық мәслихатының депутаты, экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Виктория Ставицкая, журналист, AlmaU университетінің тренері Салтанат Оңғар және Саяси менеджмент академиясының әдіскер-тренері Бақыт Әділбекова бар. Олар қатысушылармен өз тәжірибелерімен бөлісіп, саяси коммуникация, көшбасшылық, қоғаммен байланыс, өңірлік даму, әлеуметтік-экономикалық талдау, тиімді басқару және командалық жұмыс бағыттары бойынша дәрістер мен тәжірибелік сабақтар өткізеді.

Бағдарламаның негізгі мақсаты – партия мүшелерінің кәсіби біліктілігін арттыру, заманауи басқару дағдыларын дамыту және өңірлердегі саяси жұмыстың тиімділігін күшейту. Модульдік оқыту аясында қатысушылар жаңа білім мен тәжірибе жинақтап, өзара пікір алмасу арқылы кәсіби байланыстарын нығайтуға мүмкіндік алады.
AMANAT партиясы Ұлытау облыстық филиалы

30/05/2026

🌿 «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік өтті

Бүгін, 30 мамыр күні, еліміз бойынша ұйымдастырылған жалпыұлттық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кең көлемді тазалық жұмыстары жүргізілді.

Аталған іс-шараға облыстық және қалалық мекемелер мен ұйымдардың қызметкерлері белсенді қатысты. Олардың қатарында Ұлытау облыстық мәслихатының аппараты мен депутаттары да бар.

Акция барысында халық қалаулылары мен аппарат қызметкерлері Кеңгір жағалауын қоқыстан тазартып, қоршаған ортаны қорғау мен өңірдің тазалығын сақтауға өз үлестерін қосты.

Табиғатты аялау, туған жердің тазалығын сақтау – әр азаматтың ортақ міндеті. Осындай игі шаралар экологиялық мәдениетті қалыптастырып, қоғамның қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыра түседі.

27/05/2026

Құрметті Ұлытау облысының тұрғындары!

Сіздерді – Құрбан айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!
Құрбан айт – адамзатты ізгілікке, мейірім мен қайырымдылыққа үндейтін, рухани құндылықтарды дәріптейтін қасиетті мереке. Бұл күндері халқымыздың бірлігі мен татулығы нығайып, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетіліп, мұқтаж жандарға қамқорлық жасау дәстүрі кеңінен көрініс табады.

Осынау айтулы мереке әр шаңыраққа береке мен молшылық, қуаныш пен шаттық әкелсін! Жасаған ізгі амалдарыңыз бен ақ тілектеріңіз қабыл болып, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге табыс тілейміз.

Еліміз тыныш, жұртымыз аман, бірлігіміз бекем болсын! Құрбан айт мерекесі құтты болсын!
Құрметпен,
Ұлытау облыстық мәслихаты.

08/05/2026

Құрметті ардагерлер, тыл еңбеккерлері және отандастар!

Сіздерді 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл – ерлік пен елдік рухын асқақтататын, батыр бабаларымыздың жанқиярлық еңбегі мен қайсарлығын ұлықтайтын тарихи күн. ерлік пен батырлықтың, бейбітшілік пен бірліктің нышаны, елге деген сүйіспеншіліктің символы.

Бейбіт өмір мен болашақ ұрпақтың жарқын келешегі үшін жанын қиған қаһармандардың өлшеусіз ерлігінің нәтижесі. Ардагерлерімізге бас иіп, елімізге амандық, шаңырақтарыңызға шаттық тілейміз. Ашық аспан, баянды бақыт әр отбасына бұйырсын!

Еліміздің тұғыры берік болып, көк байрағымыз көгімізде желбірей берсін! Әрқашан ашық аспан, бейбітшілік болып, шаңырақтарыңыз мереке, қуаныш пен мейірімділікке толы болсын! Елімізде әрдайым тыныштық пен бейбітшілік болсын!

06/05/2026

Құрметті жерлестер! Отандастар!

Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен Ұлытау облысы мәслихатының атынан шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл күн – ел тыныштығы мен тәуелсіздігін қорғап жүрген ер азаматтарға деген ерекше құрметтің белгісі. Батырлық пен жауапкершілікті ту еткен сіздердің еңбектеріңіз – бейбіт өмірдің берік кепілі.

Отан алдындағы адал қызметтеріңіз үшін алғыс білдіре отырып, сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, ел игілігі жолындағы еңбектеріңізге табыс тілейміз! Әрдайым абырой биігінен көріне беріңіздер!

Мереке құтты болсын!

01/05/2026

Құрметті облыс тұрғындары!

Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл жарқын мереке – еліміздегі татулық пен келісімнің, достық пен өзара құрметтің символы. Көпұлтты Қазақстан халқының бірлігі – мемлекетіміздің басты байлығы мен тұрақты дамуының негізі.

Бүгінде өңірімізде түрлі ұлт пен ұлыс өкілдері бір шаңырақ астында бейбіт өмір сүріп, ортақ мақсат жолында еңбек етуде. Бұл – біздің ортақ жетістігіміз бен мақтанышымыз.

Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке, шаңырақтарыңызға амандық пен шаттық тілейміз! Елімізде әрдайым бірлік пен тыныштық салтанат құрсын!

Ізгі ниетпен, Ұлытау
облысының мәслихаты

25/04/2026

«Таза Қазақстан» акциясына Ұлытау облыстық мәслихаты аппаратының қызметкерлері мен депутаттар қатысты.

Екі айлық сенбілік аясында бүгін, 25 сәуірде жаппай ағаш отырғызу шарасы ұйымдастырылды. Бұл игі бастаманы облыстық мәслихат та қолдап, Алғашқы құрылысшылар алаңындағы учаскеге 18 түп ағаш екті.

Іс-шараға Жезқазған қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі қарасты «Мәдениет және демалыс парктерін басқару» КМҚК ұжымы да қолдау көрсетті. Олар ағаштарды суаруға арнайы техника ұсынып, көшеттермен қамтамасыз етті.

Want your business to be the top-listed Government Service in Zhezkazgan?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Address


Ұлытау облысы
Zhezkazgan
100600

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:30
Tuesday 09:00 - 18:30
Wednesday 09:00 - 18:30
Thursday 09:00 - 18:30
Friday 09:00 - 18:30