Embassy of Kazakhstan in Mongolia/Қазақстанның Моңғолиядағы Елшілігі

Embassy of Kazakhstan in Mongolia/Қазақстанның Моңғолиядағы Елшілігі

Share

Embassy of Kazakhstan in Mongolia

03/06/2026
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрі А.Шаққалиевтің Еуразиялық экономикалық форум аясында Моңғолия Премьер-министрі 03/06/2026

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрі А.Шаққалиевтің Еуразиялық экономикалық форум аясында Моңғолия Премьер-министрі Келіссөздер барысында Қазақстан мен Моңғолия тараптары сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту, өнеркәсіптік кооперацияны дамыту және бірлескен жобаларға и....

Photos from Embassy of Kazakhstan in Mongolia/Қазақстанның Моңғолиядағы Елшілігі's post 01/06/2026

🇰🇿🇲🇳 2026 ж. 29 мамырда Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Елшілігі Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Ұлан-Батыр қаласындағы балабақшалардың бірінде тәрбиеленіп жатқан 40-қа жуық балаға арнап мерекелік іс-шара ұйымдастырды.
Іс-шара аясында Қазақстанның Моңғолиядағы Елшісі Алмас Сейтақынов кішкентай қонақтарға құттықтау сөз сөйлеп, қарапайым тілмен Қазақстан туралы айтып берді. Ол бауырлас мемлекеттер арасындағы берік достық тек саяси диалог арқылы ғана емес, халықтар арасындағы өзара құрметті нығайту арқылы да қалыптасатынын атап өтті. Бұл үдерісте өскелең ұрпақты екі елдің мәдениетімен, тарихымен және салт-дәстүрімен ерте жастан таныстыру ерекше маңызға ие.
Балаларға Қазақстан туралы арнайы бейнеролик көрсетілді. Сондай-ақ, кішкентай қонақтарға ұлттық тағамдар қойылған мерекелік дастарқан жайылды. Қазақтың әні мен күйі іс-шараның шырайын аша түсті.

🇰🇿🇲🇳 2026 оны 5 дугаар сарын 29 нд БНКазУ-аас Монгол Улсад суугаа Элчин сайдын яам Олон улсын хүүхдийн эрхийг хамгаалах өдрийг тохиолдуулан Улаанбаатар хотын нэгэн цэцэрлэгийн 40 орчим хүүхдэд зориулсан баярын арга хэмжээг зохион байгууллаа.
Арга хэмжээний хүрээнд Казахстан Улсаас Монгол Улсад суугаа Онц бөгөөд Бүрэн эрхт Элчин сайд Алмас Сейтакынов бяцхан зочдод хандан баярын мэндчилгээ дэвшүүлж, Казахстан орны талаар хүүхдүүдэд ойлгомжтой, энгийн хэлээр танилцуулав. Тэрээр ахан дүүс орнуудын найрамдалт харилцаа нь зөвхөн улс төрийн яриа хэлэлцээгээр хязгаарлагдахгүй, ард түмэн хоорондын харилцан хүндэтгэлийг бэхжүүлснээр бий болдог гэдгийг онцлон тэмдэглэв. Энэхүү үйл ажиллагаа нь хойч үеэ бага наснаас нь эхлэн хоёр орны соёл, түүх, зан заншилтай танилцуулах нь онцгой ач холбогдолтой юм.
Хүүхдүүдэд Казахстаны тухай тусгай видео бичлэг үзүүлж, үндэсний идээ ундаагаар баярын ширээ засан дайлла. Мөн казак үндэсний дуу, хуур эгшиглэсэн нь арга хэмжээний уур амьсгалыг улам бүр чимэв.

🇰🇿🇲🇳 May 29, 2026, The Embassy of the Republic of Kazakhstan in Mongolia hosted a festive event to mark International Children’s Day, welcoming around 40 children from one of Ulaanbaatar’s kindergartens.
As part of the program, the Ambassador of Kazakhstan to Mongolia, Almas Seitakynov, addressed the young guests with welcoming remarks and introduced them to Kazakhstan in an engaging and accessible manner. He noted that the enduring friendship between the two brotherly nations is strengthened not only through political dialogue, but also through mutual respect between their peoples. In this regard, he underlined the importance of introducing younger generations to the culture, history and traditions of both countries from an early age.
The children were shown a special video about Kazakhstan. In addition, a festive dastarkhan was arranged to acquaint the young guests with Kazakh national traditions and cuisine. The event was further enriched by the performance of traditional Kazakh kui and songs.

Photos from ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі / Министерство сельского хозяйства РК's post 29/05/2026
Photos from Embassy of Kazakhstan in Mongolia/Қазақстанның Моңғолиядағы Елшілігі's post 15/05/2026

🇰🇿🇲🇳 2026 ж. 13-14 мамырда Моңғолияда алғаш рет «Study in Kazakhstan» халықаралық білім беру көрмесі өтті. Іс-шара Қазақстанның жетекші университеттерін, екі елдің білім беру қауымдастығының, мемлекеттік органдары мен дипломатиялық құрылымдарының өкілдерін біріктірді.
Көрме ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен еліміздің Моңғолиядағы Елшілігінің қатысуымен ұйымдастырылды.
Аталған іс-шара жоғары білім және ғылым саласындағы қазақстан-моңғол ынтымақтастығын нығайтуға, сондай-ақ Қазақстанның білім беру әлеуетін Моңғолия жастары арасында ілгерілетуге бағытталған маңызды алаңға айналды.
Көрме барысында қазақстандық университеттер бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламаларын, сондай-ақ академиялық ұтқырлық, халықаралық алмасу, қос диплом, стипендиялар, ғылыми тағылымдамалар мен зерттеу ынтымақтастығы мүмкіндіктерін таныстырды.
Іс-шара аясында жоғары оқу орындарының таныстырылымдары, талапкерлер мен студенттерге арналған жеке консультациялар, академиялық қауымдастық өкілдерімен кездесулер және одан әрі ынтымақтастық мәселелері бойынша екіжақты келіссөздер өтті.
Сонымен қатар, қазақстандық делегация Моңғолия мемлекеттік университеті мен «University of Finance and Economy» кампустарына барып, академиялық алмасуды, ғылыми өзара іс-қимылды және бірлескен білім беру бастамаларын дамыту перспективаларын талқылады.
Көрменің өткізілуі моңғол тарапының Қазақстанның жоғары біліміне деген жоғары қызығушылығын көрсетті және Қазақстан мен Моңғолияның білім, ғылым және жастар саясаты салаларындағы әріптестігін нығайтудағы маңызды қадам болды.

🇰🇿🇲🇳 2026 оны 5-р сарын 13-14-ний өдрүүдэд Монгол Улсад анх удаа "Study in Kazakhstan" олон улсын боловсролын үзэсгэлэн зохион байгуулагдлаа. Энэхүү арга хэмжээнд Казахстаны тэргүүлэх их сургуулиуд, хоёр улсын боловсролын салбарын төлөөлөгчид, төрийн байгууллага болон дипломат байгууллагын төлөөллүүд оролцов.
Үзэсгэлэнг БНКазУ-ын Шинжлэх ухаан, дээд боловсролын яам болон Казахстан Улсаас Монгол Улсад суугаа Элчин сайдын яамны оролцоотойгоор зохион байгууллаа.
Тус арга хэмжээ нь дээд боловсрол, шинжлэх ухааны салбар дахь Казахстан-Монголын хамтын ажиллагааг бэхжүүлэх, мөн Казахстаны боловсролын чадавхыг Монголын залуучуудын дунд сурталчлан таниулах чухал талбар боллоо.
Үзэсгэлэнгийн үеэр Казахстаны их, дээд сургуулиуд бакалавр, магистр, докторын хөтөлбөрүүдээс гадна академик солилцоо, олон улсын солилцооны хөтөлбөр, хос диплом, тэтгэлэг, эрдэм шинжилгээний дадлага болон судалгааны хамтын ажиллагааны боломжуудыг танилцууллаа.
Арга хэмжээний хүрээнд их, дээд сургуулиудын танилцуулга, элсэгчид болон оюутнуудад зориулсан ганцаарчилсан зөвлөгөө, академик хүрээний төлөөлөгчидтэй хийх уулзалтууд, цаашдын хамтын ажиллагааны асуудлаарх хоёр талын хэлэлцээ зохион байгуулагдлаа.
Мөн Казахстаны төлөөлөгчид МУИС болон СЭЗИС-дын кампустай танилцаж, академик солилцоо, шинжлэх ухааны хамтын ажиллагаа, боловсролын хамтарсан санаачилгуудыг хөгжүүлэх боломжийн талаар хэлэлцэв.
Үзэсгэлэн зохион байгуулагдсан нь Монголын тал Казахстаны дээд боловсролыг өндөр сонирхож байгааг харуулж, мөн Казахстан, Монголын боловсрол, шинжлэх ухаан болон залуучуудын бодлогын салбар дахь хамтын ажиллагааг бэхжүүлэх чухал алхам боллоо.

🇰🇿🇲🇳 May 13-14, 2026, Mongolia’s first international education exhibition, «Study in Kazakhstan», bringing together leading Kazakh universities, representatives of the education sector, government bodies and diplomatic institutions of the two countries was held.
The event was organized with the participation of the Ministry of Science and Higher Education of the Republic of Kazakhstan and the Embassy of Kazakhstan in Mongolia.
The exhibition served as an important platform for strengthening Kazakh-Mongolian cooperation in higher education and science, while promoting Kazakhstan’s educational potential among young people in Mongolia.
Kazakh universities presented undergraduate, master’s and doctoral programs, as well as opportunities for academic mobility, international exchange, double-degree programs, scholarships, research internships and scientific cooperation.
The program included university presentations, individual consultations for prospective students and current students, meetings with representatives of the academic community, and bilateral talks on further cooperation.
In addition, the Kazakh delegation visited the campuses of the National University of Mongolia and the University of Finance and Economy, where the parties discussed prospects for academic exchange, research cooperation and joint educational initiatives.
The exhibition confirmed Mongolia’s strong interest in Kazakhstan’s higher education system and marked an important step in strengthening the partnership between Kazakhstan and Mongolia in education, science and youth policy.

13/05/2026

🇰🇿🇲🇳 Study in Kazakhstan

Photos from Embassy of Kazakhstan in Mongolia/Қазақстанның Моңғолиядағы Елшілігі's post 13/05/2026

🇰🇿🇲🇳 2026 ж. 12 мамырда Ұлан-Батыр қаласында «SCAT Airlines» әуе компаниясы жүзеге асыратын Қазақстан мен Моңғолия астаналары арасындағы тікелей әуе рейсінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Іс-шараға Қазақстанның Моңғолиядағы Елшісі Алмас Сейтақынов, Моңғолия Үкіметі мен Ұлы Мемлекеттік Хуралының өкілдері, екі елдің авиациялық ведомстволарының қызметкерлері, «SCAT Airlines» және «Hunnu Air» компанияларының басшылығы, туристік және билет агенттіктері, іскер топтар мен Моңғолияның бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Өз сөзінде Қазақстан Елшісі Астана мен Ұлан-Батыр арасындағы тікелей әуе қатынасының ашылуы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылы Моңғолияға және Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хүрэлсүхтің 2026 жылы Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапарлары шеңберінде қол жеткізген уағдаластықтардың маңызды практикалық нәтижесі екенін атап өтті.
2026 жылғы 2 маусымда іске қосылатын рейс екі ел арасындағы сауда-экономикалық, туристік, гуманитарлық және өңіраралық байланыстардың одан әрі дамуына, сондай-ақ Қазақстан мен Моңғолия арасындағы көлік байланысын нығайтуға ықпал ететіні атап өтілді.

🇰🇿🇲🇳 May 12, 2026, a ceremonial event marking the opening of a direct flight between the capitals of Kazakhstan and Mongolia operated by «SCAT Airlines» was held in Ulaanbaatar.
The event was attended by the Ambassador of Kazakhstan to Mongolia Almas Seitakynov, representatives of the Government and the State Great Hural of Mongolia, aviation authorities of the two countries, the management of «SCAT Airlines» and «Hunnu Air», tourism and ticketing agencies, business circles, as well as Mongolian media.
In his remarks, the Ambassador of Kazakhstan noted that the launch of direct air connection between Astana and Ulaanbaatar is an important practical outcome of the agreements reached within the framework of the mutual state visits of the President of the Republic of Kazakhstan Kassym-Jomart Tokayev to Mongolia in 2024 and the President of Mongolia Ukhnaa Khurelsukh to Kazakhstan in 2026.
It was emphasized that the launch of the flight on 2 June 2026 will contribute to the further development of trade, economic, tourism, humanitarian and interregional ties between the two countries, as well as strengthen transport connectivity.

11/05/2026

Хабарландыру

Моңғол жастарының Орталық Азиядағы ірі мемлекет – Қазақстанда білім алуына жаңа жол ашылмақ.
2026 жылғы 13-14 мамыр күндері Ұлан-Батыр қаласындағы «Corporate Hotel» қонақ үйінің Convention орталығында «Study in Kazakhstan» атты білім жәрмеңкесі өтеді.
Қазақстанның ең белді 20 жоғары оқу орнының өкілдері Моңғолия азаматтарына еліміздің білім беру саласының артықшылықтары мен ерекшеліктерін таныстырады.
Бұл іс-шара Қазақстан мен Моңғолия арасындағы академиялық және ғылыми ынтымақтастықты дамыту және моңғол жастарының Қазақстанда білім алу мүмкіндіктерін арттыру үшін ұйымдастырылуда.
Білім көрмесінің аясында:
- Бакалавриат, магистратура және докторантура дәрежесі;
- Инженерия, ІТ, жасанды интеллект, медицина, педагогика, бизнес, халықаралық қатынас және басқа да мамандықтар;
- академиялық мобильділік және халықаралық студент алмасу бағдарламасы;
- бірлескен білім беру және қос диплом беру бағдарламасы;
- шетел студенттерінің халықаралық және мемлекеттік стипендия алу мүмкіндігі;
- Қазақстанның ЖОО-ына оқуға түсу жолдары мен тұрмыстық мәселелер бойынша толыққанды ақпарат беріледі.
Көрмеге келушілердің:
- 20 университет өкілдерінен тікелей ақпарат және ақыл-кеңес алуына;
- Қазақстанда білім алудың артықшылықтары, оның болашақта лауазымдық өсуге ықпалы туралы мәлімет алуына;
- ЖОО-ының инфрақұрылымымен, ғылыми орталықтарымен, инновациялық жобаларымен танысуына;
- Таныстырылым шараларына қатысып, ЖОО өкілдерімен кездесіп, өзін толғандырған сұрақтарға жүзбе-жүз жауап алуына толық мүмкіндігі бар.
Бұл көрме – Қазақстан мен Моңғолияның білім беру, ғылым, және жастар саясаты саласындағы ынтымақтастығын нығайта түсу жолындағы маңызды қадам. Онда университетаралық ықпалдастыққа, академиялық алмасу аясын кеңейтуге, ғылым-білім саласында ортақ жобаларды жүзеге асыруға айрықша назар аударылады.
Білім көрмесі екі елдің ЖОО-ы арасында тікелей қарым-қатынас орнататын, ынтымақтастықтың болашағы зор бағыттарын талқылайтын және екіжақты келісім шарттар жасайтын маңызды платформа болмақ.
Қазақстан білім беру ісінде көптеген жетістікке жеткен, ғылым саласы қарқынды дамып келе жатқан мемлекет болып табылады. Орталық Азияданың негізгі білім және ғылым орталығы саналатын Қазақ елінде сан түрлі мемлекеттен келген ондаған мың шетел студенті білім алуда. Заманауи білім беру инфрақұрылымы мен білім бағдарламалары бойынша халықаралық аккредитациялардың болуы, ғылыми зерттеулердің дамуы, цифрлық технологиялардың жаппай енгізілуі қазақстандық университеттерді сапалы білім алып, бәсекеге қабілетті болғысы келетін азаматтар үшін барынша тартымды ете түседі.
«Study in Kazakhstan» – академиялық көкжиекті кеңейтудің, халықаралық тәжірибе жинақтаудың, қарқынды дамып келе жатқан Қазақстанның білім кеңістігінің ажырамас бөлігіне айналудың ең төте жолы!
Еліміздің жоғары оқу орындары ұсынатын тың мүмкіндіктерді пайдаланып, ең сұранысқа ие мамандықтар бойынша заманауи білім алуға асығыңыздар!

Мекен-жайы: Ұлан-батыр қаласы, 15-хороо, Хан-уул ауданы, Махатма Ганди көшесі-39, «Corporate Hotel» қонақ үйінің Convention орталығы.
Өтетін уақыты: 2026 жылғы 13 мамыр, 11.40 – 20.00
2026 жылғы 13 мамыр, 09.00 – 20.00

24/04/2026

Мемлекеттік және басқа да қызмет алушылардың назарына

Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы Заңға сәйкес, мереке күндері жұмыс істемейтін күндер болып табылады.

Осыған байланысты, ү.ж. 1, 7 және 11 мамыр күндері Елшіліктің консулдық бөлімі қабылдау жүргізбейтінін хабарлаймыз.

Елшілік келесі мекенжай бойынша орналасқан:
Ұлан-Батыр қаласы, Сүх-Батыр ауданы, Самбуу көшесі 6/1, City Capital бизнес орталығы, 6-қабат.

Консулдық бөлімінің жұмыс уақыты:
Сағ. 09:30 - 12:30 дейін құжаттарды қабылдау,
сағ. 16:00 - 17:00 дейін дайын құжаттарды беру.
Сәрсенбі күні қабылдау жүргізілмейді, сенбі мен жексенбі - демалыс күндері екенін еске саламыз.

Want your business to be the top-listed Government Service in Ulaanbaatar?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Telephone

Website

Address


J. Sambuu 6/1
Ulaanbaatar

Opening Hours

Monday 09:00 - 13:00
15:00 - 19:00
Tuesday 09:00 - 13:00
15:00 - 19:00
Wednesday 09:00 - 13:00
15:00 - 19:00
Thursday 09:00 - 13:00
15:00 - 19:00
Friday 09:00 - 13:00
15:00 - 19:00