gulmira_imanalikizi

Directions

gulmira_imanalikizi Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from gulmira_imanalikizi, Government Official, ​Тамерлановское шоссе, 54/7​, Shymkent.

23/09/2026

Біз қараңғылықтан қашан шығамыз?

Қашанғы қатып қалған қасаң қағидамен өмір сүремін?

22/09/2026

«Зайка», «Зая», «Малыш», «Балақай»... Фууу... кешірім сұраймын, бірақ маған осылай, қалай болса солай еркелететіндер мүлдем ұнамайды!
Негізі біздің қазақтың жігіттері әйелдерін беталды, арзан сөздермен еркелетпейді. Сыртынан қарасаң, бәрі қатал, бәрі салмақты. Бірақ бұл сезімнің жоқтығы емес, сезімді сыртқа шашпайтын тектіліктің белгісі.
Өйткені, қазақ ерлері өмірлік серігін ерекше қастерлеп, оған ешкім қайталамайтын әдемі ат қойып, өзінше еркелеткен! Мына бір әдеби деректерге қараңызшы, жүрегіңіз елжірейді:
• Ұлы Абай өзінің сүйікті жары Шүкіманның сұлулығына тамсанып, оны өмір бойы «Айкерім» деп атап өткен.
• Ғабит Мүсіреповтің «Ұлпан» романында дәуірінің айбаты болған Есеней би жары Ұлпанды ел көзінше емес, оңашада ерекше аялап, «Ақнарым» дейді екен.
• Ал сол шығармадағы Есенейдің досы Мүсірептің өз жары Шынар туралы айтқаны нағыз махаббаттың сипаттамасы: «Ауылдың барлық кемпірлері оны “Айналайыным-ай!” дейді. Бала біткен “Әяй апа!” дейді. Ал мен өзім... оны “Ақмаралым” деймін» — дейді.

«Ал сізді жарыңыз қалай еркелетеді?»

21/09/2026

Біз әйелдер сәнін келтіріп ауыруды да білмейміз. Шапқылап жүріп жазылып кетеміз ия?😄

10/09/2026

Алпыстағы Есенейге ұзатылған Ұлпан жылап-сықтап өмірден түңілген жоқ, «өз теңіме тиемін» деп құр әурешілікпен уақыт та жоғалтпады. Ол жоқтан бар жасап, алдынан шыққан кішкентай ғана мүмкіндіктің өзін өз пайдасына жарата білді. Ұлпан өзінен қырық жас үлкен ер адамның босағасын амалсыздықтан аттаса да, ол жерге жас тоқал болып емес, үлкен отаудың иесі — айбынды Бәйбіше болып қонды.Мұның бәрі Ұлпанның орасан айласының, асқан ақылы мен зеректігінің жемісі еді. Осы орайда үлкен ой туады: жалпы әйел затына тән көрегендік пен зиянсыз қулықты (дипломатияны) орнымен қолдана білсек, бүгінгі әйелдердің де өмірі анағұрлым жеңіл әрі мағыналы болар ма еді? #ұлпан #қазаққызы

09/09/2026

«Жаман әйел болмайды, біз оны қолдан жасаймыз. Біз суы азайып, тұзы молайған теңіз сияқты, әйелдерімізді дөрекілендіріп алғанбыз. Біз олардың алдында, олардың өліп бара жатқан нәзіктігі мен тазалығының алдында мәңгі бақи айыптымыз» — жазушы Дулат Исабековтің бұл ащы шындығы бүгінгі қоғамның айнасы іспетті.Расында да, қазіргі уақытта ер мен әйелдің қоғамдағы және отбасындағы орны ауысып кеткендей әсер қалдырады. Тұрмыстық тауқымет пен сан түрлі әлеуметтік мәселелердің ауыр жүгін әйел затының мойнына артып қойған заманда олардан қандай нәзіктік талап ете аламыз? Олар анда-санда бір еркелеп, ішкі пәктігін көрсеткісі келгенде, сол еркелікті көтере алмай, күш көрсетіп, ұрып-соғып жатсақ, бойдағы нәзіктік қайдан сақталсын? Түрлі шектеулер мен психологиялық қысымның ортасында қалған әйел адамның дөрекіленуі — оның өмір сүру үшін, өзін қорғау үшін жасаған амалсыз қадамы. Әйелдің нәзік те аяулы болуы — оның жанындағы ер азаматтың қорғанышы мен қоғамның сыйластығына тікелей байланысты.

08/09/2026

Қазақ қызы — бір орында тоқтап қалмай, әрдайым ізденіс үстінде болып, үнемі дамып отыруы тиіс тұлға. Өйткені ол — тек отбасының ұйытқысы ғана емес, ұлттың болашағын жалғайтын ұрпақ әкелуші, сол ұрпақты парасаттылыққа тәрбиелеуші басты күш. Заман ағымынан қалмай, жаңаны игеруге, жақсыны үйренуге ұмтылу — әрбір қазақ қызының басты ұстанымы болуы ләзім. Жазушы Ғабит Мүсірепов өзінің романында Ұлпанның дәл осындай көрегендігін, жаңашылдық пен өркениетке деген құштарлығын былайша сипаттайды:”Ұлпан үйге қызықты. Қазақ-орыс қаласының барлық үйлері осындай жайлы көрініп кетті. Ұлпанның ойына “орыс үйі” деген тағы бір түйін байланды. Тоқтай тұр әлі... Қазір оның көңілінде әлденелер оянып келе жатқандй еді. Тоқтай тұрайық әлі...” “Бұл үзінді Ұлпанның тек өз ортасымен шектеліп қалмай, өзге мәдениеттердің де тиімді, жайлы тұстарын көре білгенін және оны өз өміріне енгізуді мақсат еткенін көрсетеді. Жаңашылдыққа ұмтылған Мүсіреповтің Ұлпаны — бүгінгі күннің де озық ойлы, білімді әрі ізденімпаз қыздарының нағыз прототипі.

07/09/2026

Қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымында қыз баланы қонақ деп санап, оған ерекше құрмет көрсетумен қатар, бойжеткен аруларға сұқтана қарау өрескел ерсілік саналған. Бұл — ұлттық әдептілік пен ішкі мәдениеттің биік үлгісі. Халық арасындағы осы бір жазылмаған дала заңын заңғар жазушы Ғабит Мүсірепов өзінің әйгілі «Ұлпан» романында өте дөп басып суреттейді. Шығармадағы бас кейіпкердің: «Шешесінің қасында тұрған Ұлпанды көздерімен ғана жанап өтті. Қыз балаға одан артық көңіл аудару — ерсілік болатын. Қыз да бұлардың әрқайсысына көз қиығын серпе тастап, көзімен ғана амандасты» деген сөздері қазақ қоғамындағы қыз баланың ар-намысын қорғау мен оған деген зор сыйластықтың айқын дәлелі болып табылады.
#қазаққызы #қызсыны

02/09/2026

Бізде мектепке дайындық осылай жүруде🤣🤣🤣

#1сентября #1сынып #мектеп #сабақ

02/09/2026

Трендтен қалсақ, қатардан қалған боламыз ба?

Менің кезіккен мәселем өте актуалды. Қатарынан қалмасын деп телефон берсем, не ұтамын, неден ұтыламын?

Сіз қалай ойлайсыз, қандай шешім ұсынасыз?

#тренд

28/08/2026

Қандай да бір жақсы өзгеріске бет бұру үшіг, қиналып, қайғы шегуіміз шарт па?

Ештеңені, ешқашан да күтпе!
Тнк әрекет ет!
Бүгіннен баста!
#өзгер #өзгеріс #джодиспенза #диспенза

Address

​Тамерлановское шоссе, 54/7​
Shymkent
160000

Website

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when gulmira_imanalikizi posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Shortcuts

Share

Nearby government services