28/04/2026
Қазақстан Президенті Astana Smart City жобасының іске асырылу барысымен танысты
АСТАНА, 2026 жылғы 28 сәуір - Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығына барып, «Astana Smart City» жобасының жүзеге асырылуымен танысты.
Мемлекет басшысына қалалық жүйелердің деректерін нақты уақыт режимінде біріктіретін бірыңғай цифрлық платформа таныстырылды. Жасанды интеллект негізіндегі шешімдерді енгізу мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттырып, қалалық қызметтердің сапасын жақсартуға және инфрақұрылымның тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретіні атап өтілді.
Аталған жоба Қазақстанның инновациялық экономиканы дамытуға және озық технологияларды енгізуге бағытталған цифрлық трансформация стратегиясының маңызды бөлігі болып табылады.
16/04/2026
Қазақстанның арнайы өкілі Мемлекет басшысының жолдауын
БАӘ басшылығына табыстады
Абу Даби, 2026 жылғы 15 сәуір – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы негізінде Абу Дабиге жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Президентінің арнайы өкілі Ернар Лазар Біріккен Араб Әмірліктерінің Вице-Президенті, Премьер-министрінің орынбасары әрі Президент істері жөніндегі министрліктің басшысы Мансур бен Заид Әл Наһаянның қабылдауында болды.
Кездесу барысында қазақстандық арнайы өкіл Таяу Шығыстағы қазіргі күрделі геосаяси кезеңінде бауырлас елге қолдауын қайта растайтыны жөніндегі ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Әмірліктердің көшбасшысы Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянға арналған жолдауын табыстады.
Жолдауда Мемлекет басшысы Иранның Шығанақ елдеріне, оның ішінде Әмірліктерге жасаған негізсіз шабуылдарын тағы бір мәрте айыптап, Қазақстан әр қашан халықаралық құқық нормаларын сақтауды, мемлекеттердің егемендігі мен аумақтық тұтастығын құрметтеуді қолдайтынын жеткізген. Сондай-ақ, Қазақстан халықаралық күрделі проблемалар мен қарулы қақтығыстардың бәрін тек дипломатиялық жолмен шешуді ұдайы жақтайтыны айтылған.
Сонымен қатар, Е.Лазар ҚР Президенті Қ.Тоқаев Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянның Қазақстан мен Әмірліктердің көпқырлы ынтымақтастығын нығайтуға қосып жатқан сүбелі үлесін жоғары бағалайтынын жеткізді.
Бұл тұрғыда тараптар стратегиялық әріптестік шеңберінде екіжақты қарым-қатынастардың негізгі аспектілері бойынша пікір алмасып, жан-жақты ықпалдастықты одан әрі тереңдету мәселелерін талқылады.
16/04/2026
رئيس الدولة يتلقى رسالة خطية من الرئيس الكازاخستاني تسلمها منصور بن زايد تتصل بالعلاقات الثنائية بين البلدين وسبل تعزيز التعاون المشترك
#وام
https://wam.ae/a/bzquf9f
15/04/2026
✉️Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянға хат жолдады
🇰🇿🇦🇪Мемлекет басшысы хатында Таяу Шығыстағы қазіргі күрделі ахуал кезінде Біріккен Араб Әмірліктеріне қолдауы мен тілектестігін жеткізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянның тегеурінді, парасатты әрі көреген басшылығымен БАӘ қауіп-қатерді еңсеріп, қарқынды стратегиялық даму бағдарын жалғастыратынына сенім білдірді.
Қазақстан Президенті дипломатия және сындарлы диалог ұзақмерзімді бейбітшілік пен тұрақтылыққа қол жеткізудің ең сенімді құралы екенін тағы да атап өтті.
Мемлекет басшысының бұл хаты өзара сенімнің жоғары деңгейін, ынтымақтастықтың стратегиялық сипатын және Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері халықтарының арасындағы шынайы бауырластық қарым-қатынасты растайтынын көрсетеді.
*****
✉️ Президент Касым-Жомарт Токаев направил послание Президенту Объединенных Арабских Эмиратов шейху Мухаммеду бен Заиду Аль Нахаяну
🇰🇿🇦🇪В своем письме Глава государства выразил поддержку и солидарность с Объединенными Арабскими Эмиратами в текущей сложной ситуации на Ближнем Востоке.
Президент Казахстана выразил уверенность в том, что под сильным, мудрым и дальновидным руководством шейха Мухаммеда бен Заида Аль Нахаяна его страна достойно преодолеет вызовы и продолжит свой стратегический курс динамичного развития.
Касым-Жомарт Токаев вновь отметил, что дипломатия и конструктивный диалог остаются единственным надежным инструментом достижения долгосрочного мира и стабильности.
Содержание данного послания Президента Казахстана отражает высокий уровень взаимного доверия, стратегический характер сотрудничества и подтверждает искренне братские отношения между народами Казахстана и Объединенных Арабских Эмиратов.
12/04/2026
Қазақстан мен БАӘ арасындағы серіктестікті кеңейту мәселелері талқыланды
Әл-Айн, 2026 жылғы 12 сәуір – Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшісі Рауан Жұмабек «Shumooh»компаниялар тобының төрағасымен және «Bin Ham Group» компаниясы төрағасының орынбасары шейх Мұхаммед бен Мусаллам бен Хам әл-Америмен кездесу өткізді. 
Кездесу барысында тараптар білім, инвестиция және заманауи технологияларды енгізу салаларында бірлесіп жүзеге асыруға арналған екіжақты перспективті жобаларды талқылады. Сонымен қатар Қазақстан мен БАӘ арасындағы серіктестікті кеңейту мүмкіндіктеріне, тәжірибе алмасу және іскерлік байланыстарды нығайтуға ықпал ететін бастамаларды дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Бұдан бөлек, сапар аясында Қазақстан Елшісі
Салем бен Хам атындағы мәдени орталықтың жұмысымен танысты. Бұл орталықта мәдени және білім беру іс-шаралары өткізіліп, түрлі халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық орнату арқылы зерттеулер мен білім саласына қолдау көрсетіледі, сондай-ақ БАӘ-нің мұрасы мен дәстүрлерін сақтау жұмыстары жүргізіледі.
Жалпы алғанда, кездесу танысу сипатында өтіп, жұмыс байланыстарын орнатуға және екіжақты өзара іс-қимылды дамытуға бағытталды.
Тараптар ынтымақтастықты одан әрі дамытуға өзара қызығушылық білдіріп, өзара тиімді жобалар бойынша диалогты жалғастыруға келісті.
Анықтама: Шейх Мұхаммед бен Мусаллам бен Хам әл-Амери – БАӘ-дегі Әл-Айн өңірімен байланысты ықпалды әл-Амери тайпасының өкілі. Ол меценат және қоғам қайраткері ретінде белгілі, елдің мәдени және білім беру салаларын дамытуға белсенді атсалысады. Жоғары мемлекеттік қызмет атқармаса да, қайырымдылық, мәдени жобалар және білімді қолдау арқылы қоғамдық өмірде маңызды рөл атқарады.
08/04/2026
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шариф пен Пәкістан Қарулы күштерінің бас қолбасшысы, фельдмаршал Асим Мунирдің араағайындығы арқылы Таяу Шығыстағы соғысты толық тоқтату және бітімге келу туралы келісімге қол жеткізілуін құптайды.
Бұл келісім АҚШ Президенті Дональд Трамптың және Иранның жоғарғы басшылығының, сондай-ақ әскери қақтығысқа қатысқан елдердің ізгі ниеті мен парасаттылығының арқасында мүмкін болды.
Мемлекет басшысы әлемдік сауданың дамуына және барлық мемлекеттің экономикалық өркендеуіне жағдай жасау мақсатында қол жеткізілген бітімгершілік келісімнің ұзақ мерзімді сипатқа ие болатынына үміт білдірді.
02/04/2026
Қазақстан мен БАӘ тұрақты даму бағыты бойынша
әріптестікті кеңейтуде
Абу Даби, 2026 жылғы 1 сәуір – Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшісі Рауан Жұмабек БАӘ Президенті Аппаратының халықаралық қатынастар кеңсесінің басшысы Мариям бинт Мұхаммед Саид Хареб Әл-Мхейримен кездесу өткізді.
Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың ағымдағы жай-күйі мен даму перспективаларын жан-жақты талқылап, биік әрі жоғары деңгейлерде белсенді де сенімді саяси диалогты қолдаудың, сондай-ақ ведомствоаралық байланыстарды одан әрі кеңейтудің маңыздылығын атап өтті.
Сонымен қатар, сұхбаттасушылар Қазақстан мен БАӘ-нің негізгі халықаралық және өңірлік мәселелер бойынша ұстанымдарының жақындығын, сондай-ақ БҰҰ, ИЫҰ және басқа да көпжақты алаңдар шеңберіндегі үйлестірудің жоғары деңгейін растады.
Мариям Әл-Мхейридің бұған дейін БАӘ Климаттың өзгеруі және қоршаған орта мәселелері жөніндегі министрі қызметін атқарғанын назарға алып, қазақстандық дипломат оны су ресурстарын басқару және экологиялық саясат саласындағы сарапшы ретінде 2026 жылғы 22-24 сәуірде Астанада өтетін Өңірлік экологиялық саммитке қатысуға шақырып, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевтың тиісті шақыруын табыстады.
Осы тұрғыда ҚР Президенті Касым-Жомарт Токаев бастамашы болған Халықаралық су ұйымын құру мәселесі, сондай-ақ 2026 жылғы
2-4 желтоқсанда Абу Дабиде өтетін БҰҰ ІІІ Су конференциясына Әмірліктер тарапының дайындығы бойынша конструктивті пікір алмасу болды.
31/03/2026
Қазақстан мен БАӘ халықаралық форматтағы
өзара әрекеттестігі туралы
Абу Даби, 2026 жылғы 31 наурыз – Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшісі Рауан Жұмабек БАӘ Сыртқы істер министрлігі Халықаралық ұйымдар департаментінің директоры Ахмед әл-Заабимен кездесті.
Сұхбат барысында тараптар екі елдің көпжақты форматтағы ынтымақтастығы, оның ішінде Ислам ынтымақтастық ұйымы аясындағы өзара әрекеттестік мәселелері бойынша пікір алмасты.
Бұдан бөлек, екіжақты ықпалдастықты одан әрі тереңдету мақсатында жоғары деңгейде жоспарланған сапарлардың кестесі талқыланып, олардың аясында көтерілуі мүмкін мәселелер кескінделді.
Кездесу соңында тараптар екіжақты стратегиялық ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге ниеттерін растап, көпжақты ынтымақтастық мәселер бойынша тұрақты түрде «сағат теңестіріп» тұру жөнінде уағдаласты.
О взаимодействии Казахстана и ОАЭ в международных форматах
Абу-Даби, 31 марта 2026 года – Посол Республики Казахстан в Объединенных Арабских Эмиратах Рауан Жумабек провел встречу с Директором Департамента международных организаций Министерства иностранных дел ОАЭ Ахмедом аль-Зааби.
В ходе беседы стороны обменялись мнениями по вопросам многостороннего сотрудничества между двумя странами, в том числе взаимодействия в рамках Организация исламского сотрудничества.
Кроме того, в целях дальнейшего углубления двустороннего взаимодействия стороны обсудили график предстоящих визитов на высоком уровне и определили круг вопросов, подлежащих рассмотрению.
В завершение встречи стороны подтвердили намерение на дальнейшее укрепление стратегического партнерства и достигли договоренности о проведении регулярной «сверки часов» по вопросам многостороннего сотрудничества.
26/03/2026
Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!
Қазіргі уақытта тұрақты коммерциялық әуе рейстерінің біртіндеп қайта қалпына келуіне байланысты эвакуациялық рейстердің жоспарда жоқ екенін хабарлаймыз.
Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшілігі Әмірліктер аумағында тұрып жатқан Қазақстан азаматтарына әуе компанияларының жаңартылған ақпараттарын және жақын күндері әуе тасымалы кестелерінде болуы мүмкін өзгерістерді тұрақты түрде бақылап отыруды ұсынады.
Назар аударыңыз!!!
Сонымен қатар, төтенше жағдай кезінде тиімді байланыс орнату және ықтимал эвакуация жасау үшін Қазақстан азаматтары https://forms.gle/iyLjPgTVrKpfJTE57 сілтемесі арқылы өздері туралы мәліметті БАӘ-де тұрақты және уақытша тұрып жатқан азаматтар тізіміне енгізуді қатаң түрде еске саламыз.
Форс-мажор жағдай кезінде мына байланыс нөмірлеріне хабарласуды сұраймыз:
ҚР БАӘ-дегі Елшілігінің Абу Даби қаласындағы мекенжайы:
Abu Dhabi, Al Safaraat District, 44, Rashid Bin Saeed Al Maktoum St., Main St. #2,
тел: +971 2 449 8778, WhatsApp +971 50 508 5226.
ҚР Бас консулдығының Дубай қаласындағы мекенжайы:
Jumeirah, Umm Suqeim First, Al Boussi street, villa no. 5,
тел: +971 4 339 7151, +971 50 570 1978.
Елшілік пен Бас консулдық аймақтағы жағдайды бақылауда ұстап отыр және қажет болған жағдайда шұғыл түрде байланысқа шығып, тиісті ақпаратты жеткізеді.
26/03/2026
Астана, 2026 жылғы 25 наурыз – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Біріккен Араб Әмірліктері Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі шейх Абдалла бен Заид Әл Наһаянмен телефон арқылы сөйлесті.
Сұхбат барысында тараптар Таяу Шығыстағы қазіргі ахуалды талқылап, өңірдегі шиеленіс төңірегінде пікір алмасты.
Е.Көшербаев Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бұрын білдірген ұстанымды растады және өңірдегі эскалацияның жалғасуына, оның ішінде БАӘ аумағына жасалған соққыларға байланысты алаңдаушылық танытты. Қазақстан бейтарап мемлекеттерді әскери іс-қимылдарға тартуға қарсы екені, сондай-ақ өңір елдерінің егемендігі мен аумақтық тұтастығын бұзуға жол берілмейтіні жеткізілді.
Ахуалды халықаралық құқық қағидаттары негізінде жедел түрде деэскалациялау және дағдарысты саяси-дипломатиялық жолмен реттеу қажеттігіне назар аударылды.
Екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылау барысында Е.Көшербаев БАӘ-нің өңірдегі Қазақстанның негізгі серіктестерінің бірі екенін және елдерімізді дәстүрлі бауырластық қатынастары байланыстыратынын атап өтті.
Қазақстан СІМ басшысы БАӘ аумағында болған ҚР азаматтарын эвакуациялауға көрсеткен жәрдемі үшін әріптесіне алғыс білдірді. Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оларды отанына қайтару ел үшін басым міндет болғанын жеткізді.
Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары халықаралық аренада екі мемлекеттің жоғары деңгейдегі саяси диалогы мен өзара қолдауына да назар аударды.
Өз кезегінде шейх Абдалла бен Заид Әл Наһаян көрсетілген қолдау үшін қазақстандық тарапқа ризашылығын білдіріп, өңірлік тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған халықаралық күш-жігердің маңыздылығын атап өтті.
Сұхбат қорытындысы бойынша тараптар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға, сондай-ақ халықаралық және өңірлік ұйымдар аясында іс-қимылдарды үйлестіруді жалғастыруға дайын екендерін растады.